Ақжар – Сілетінің оң саласы.
Географиялық орны Ақмола облысы Целиноград және Ерейментау аудандары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 55 км. Су жиналатын алабы 75 км2.
Бастауы Бастауын Аршалы ауданының солтүстігіндегі ұсақ шоқылардан алып, Сілеті өзеніне сағасынан 32 км жерде құйылады.
Гидрологиясы Өзен алабының жер бедері белесті-қыратты жазық. Топырағы - сортаңды қызыл қоңыр. Жауын, жер асты суларымен толығады. Мұз құрсауы 115 -125 күн. Суын Аршалы, Целиноград және Ерейментау аудандары шаруашылықтары қажеттіліктеріне пайдаланады.
Дереккөздер
Санат:Аршалы ауданы өзендері Санат:Ерейментау ауданы өзендері Санат:Целиноград ауданы өзендері Санат:Сілеті су алабы