Көлтабан — Ақтөбе облысы Алға ауданы, Ақай ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы – Алға қаласынан солтүстік-батысқа қарай 78 км-дей жерде.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 257 адам (137 ер адам және 120 әйел адам) болса, 2009 жылы 167 адамды (89 ер адам және 78 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 115 адамды (54 ер адам және 61 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Дереккөздер

Санат:Алға ауданы елді мекендері