Әлима Жақыпқызы Әбдіхалықова (1952 жылы 16 мамырда Қызылорда облысы Қазалы ауданында туған) — мұғалім, Педагогика ғылымдарының кандидаты. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері. Қызылорда облысының құрметті азаматы (2014).
Толығырақ Әлима Жақыпқызы 1952 жылы 16 мамырда Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген. 1991 - 2010 жылдары Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледж базасында құрылған республикалық оқу-әдістемелік бірлестік төрайымы болып қызмет атқарды. 1991 жылдан Қызылорда облыстық әйелдер кеңесінің мүшесі. 1999 - 2003 жылдары және 2007 жылдан бастап Қызылорда облыстық "Нұр Отан" партиясынан мәслихат депутаты. 1980 жылдан Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің директоры.
Ғылыми шығармашылығы Әлима Жақыпқызы білікті басшы, талантты ұйымдастырушы ретіндегі өзінің бай тәжірибесін республика көлемінде ғана емес, халықаралық ауқымда да талқыға салып, іс-тәжірибесін бөлісіп отырды. 2005 жылы сәуір айында “Білім беру жүйесінде адам ресурстарын дамытуды басқарудың қазіргі тенденциялары” тақырыбында өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда “Жаңа педагогикалық технологиялар” тақырыбында; 2005 жылы қазан айында Алматы қаласы, РИПК СО базасында “Мектеп информатикасы: іс-тәжірибе, проблемалар және келешегі” тақырыбында өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда “Ақпараттандыру перспективалары: бастауыш мектепке оқытудың ақпараттық-компьютерлік технологияларын ендіру” атты баяндама; 2005 жылы “Біліктілікті арттыру жүйесі және ХХІ ғасыр білімі” тақырыбында өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда “Мұғалімнің кәсіптік құзырлылық сапасын қалыптастыру” атты баяндамалар жасады. 2006 жылы қазан айында “Ақпараттық технологиялар” бойынша Корея мемлекетінде “ICT Training Program” бағдарламасы бойынша барып қайтты. 2007 жылы наурыз айында Астана қаласында ҚР білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл – елдігіміздің алтын тұғыры» атты көрмеге республикадағы 4 колледждің бірі болып қатысып, алғыс хатқа ие болды. 2007 жылы сәуір айында Алматы қаласында өтетін “Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру: қазіргі жағдайы, тенденциялары және даму мәселелері” тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға шақыру алды. 2008 жылы сәуір айында өткізілген Қызылорда қаласында «Қазақстан Республикасында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кәсіптік лицейлер мен колледждерге енгізу және оқытушыларды инновациялық әдістерге оқыту» тақырыбындағы халықаралық семинарға қатысты. Рогаланд (РКК, Норвегия ) Кәсіптік даярлық пен оқыту Орталығының «ҚР-да кәсіптік білімді дамыту, техникалық және қызмет көрсету жоғары білікті мамандарын даярлау мен қайта даярлауға ықпал ету» біріккен жобасымен жұмыс жасауда. 2009 жылы қаңтар айында Норвегияның РКК қоғамының шақыруы бойынша «Норвегия елінің кәсіби білім жүйесінің дамуымен танысу және тәжірибе алмасу мақсатында біліктілік көтеру іссапарында болды. 2010 жылы қаңтар айында Германияның InWent қоғамының шақыруы бойынша «Орта арнайы оқу орындарын басқару және менеджмент» атты біліктілік арттыру курсында дәріс алды. Әлима Жақыпқыз Оқу-әдістемелік бірлестікте 4 мамандық бойынша білім берудің мемлекеттік стандарттары мен 123 типтік оқу бағдарламалары жасалып, ҚР Білім және ғылым министрлігінде бекітілді.
Марапаттары «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» құрметті атағы Ыбырай Алтынсарин атындағы құрметті төсбелгі ҚР Білім беру ісінің үздігі Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері 2001 жылы Елбасының жарлығымен "Ерен еңбегі үшін медалі" берілді 2005 жылы "Қазақстан Республикасы Конститутциясына 10 жыл" мерекелік медалі 2008 жылы "Астанаға 10 жыл" мерекелік медалі Елбасының жарлығымен жоғарғы мемлекеттік награда "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталған Педагогика ғылымдарының кандидаты (құрметті ғылыми атағы) 2014 жылы Қызылорда облысының құрметті азаматы құрметті атағы берілді. Еңбек ардагері медалінің иегері 2016 жылы "ҚР Тәуелсіздігне 25 жыл" медалі
Санат:Қазақстан педагогтары Санат:Педагогика ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақстан білім беру ісінің құрметті қызметкерлері Санат:Қазақстан білім беру ісінің үздіктері Санат:Ыбырай Алтынсарин төсбелгісімен марапатталғандар Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті түлектері