Жаркөл – Қостанай облысы Науырзым ауданындағы көл. Шолақсай ауылының оңтүстік-батысында 15 км жерде орналасқан.
Гидрографикасы Ауданы 19,3 км2, ұзындығы 12 км, ені 4 км-дей. Жаркөлдің оңтүстік жағалауы жайпақ, батпақты, оңтүстік-батыс жағалауы тілімделген (жарқабағының биіктігі 1,5-2 м), шығысы - биік жар (5-7 м). Суы мол жылдары оңтүстігіндегі Сарымойынмен жалғасып кетеді. Суы тұзды. Алқабында қамыс, қоға, шалғын шөп өскен. Көктемде мал суаруға пайдаланылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Науырзым ауданы көлдері