Жаңалық — Алматы облысы Талғар ауданындағы ауыл, Қайнар ауылдық округі құрамында.
Тарихы 2002 жылғы 31 мамырда ауылда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен 1930-жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш ашылды. Бұл жерде түрлі деректер бойынша 3–4 мыңға дейін қуғын-сүргінге ұшыраған адамдар жерленген. Зерттеушілердің мәліметінше, тек 1938 жылғы 25–27 ақпан күндері осы маңда 115 адам атылып, жерленген.
2018 жылдың желтоқсанында Жаңалық ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейдің салтанатты ашылуы өтті. Музей сталиндік қуғын-сүргін жылдары жазықсыз жапа шеккендердің есімін мәңгі есте сақтауға арнап құрылған.
Географиялық орны Аудан орталығы - Талғар қаласынан солтүстік-батысқа қарай 34 км-дей жерде.
Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1378 3260 236,6 721 1631 226,2 657 1629 247,9
Дереккөздер
Санат:Талғар ауданы елді мекендері