Мұрат Әлиұлы Сүймағамбетов (14 қазан 1983, Шевченко, Қазақ КСР, КСРО) - Қазақстан футболшысы, шабуылшы.
Мансабы Клубтық Кәсіби карьерасын Сүймағамбетов ақтаулық Каспий клубында бастады. Бұдан кейін ол Ордабасы, Тобыл, Ордабасы, Астана және Шахтер клубтарында ойнады. Соңғы клубтағы жақсы ойыннан кейін Мұратты астаналық Локомотив шақырдыМурат Суюмагамбетов: «Надо работать над реализацией». Ол жақта Сүймағамбетов негізгі құрамға ілікпей, қайтадан Ордабасы клубына келеді.
Келесі маусымды Мұрат Тобылда өткіздіМурат Суюмагамбетов: «Родному клубу я не нужен».
2011 жылы Сүймағамбетов бос агент ретінде Қайратқа ауыстыСУ-27 улетел с «Кайратом» . Бұдан кейін Мұрат аз уақыт Тараз, Астана 1964, Восток және Қыран клубтарында өткізді.
2014 жылы Сүймағамбетов өз карьерасын аяқтағаны туралы хабарлады.
Ұлттық құрамада Ұлттық құрамада Сүймағамбетов 2006 - 2008 жылдар аралығында 19 ойын өткізіп, 3 доп соқты. Алғашқы ойынын Мұрат Сингапурға қарсы өткізді (24.12.2006, Таиланд королі кубогы, есеп 0:0), соңғы ойынын Черногорияға қарсы ойнады (27.05.2008, Жолдастық кездесу, есеп 0:3)Казахстанский футбол | Lyakhov.KZ - Большая энциклопедия Казнета. Құрамадағы алғашқы голын Вьетнамға соқты (26.12.2006, Таиланд королі кубогы, есеп 1:2).
2007 жылы құрама ойындарында тұрақты түрде алаңға шығып жүрді. Жыл бойы 11 кездесуде алаңға шығып, екі гол соқты, екеуін де жолдастық кездесуде (Қытай мен Өзбекстан қақпасына).
2008 жылы бес кездесуде алаңға шықты, бесеуі де жолдастық ойындар.
2008 жылы 28 мамырда Черногорияға қарсы жолдастық кездесуде соңғы рет құрама жейдесін киді. Сол жылы күзде Арно Пайперс бапкерліктен кеткесін құрамаға мүлде шақырылған жоқ.
Марапаттары Қазақстан чемпионы :2010
Дереккөздер
Сілтемелер Футболшының профилі
Санат:14 қазанда туғандар Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Шахтер Қарағанды ФК ойыншылары Санат:Ақтауда туғандар Санат:Каспий ФК ойыншылары Санат:Ордабасы ФК ойыншылары Санат:Тобыл ФК ойыншылары Санат:Астана ФК ойыншылары Санат:Тараз ФК ойыншылары Санат:Жеңіс ФК ойыншылары Санат:Қыран ФК ойыншылары