Мейірбек Оразұлы Оразов (1.3.1942 ж.туған, Түркістан облысы Сарапхана ауылы ) – ғалым, филология ғылымы докторы (1983), профессор. (1987).

Ташкент мемлекеттік педогогткалық институтын бітірген (1964). 1964 – 67 ж. Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педогогткалық институты өзбек тілі кафедрасының оқытушысы; 1967 – 82 ж. филология факультеті деканының орынбасары, деканы; 1993 – 99 ж. ШПИ, ХҚТУ Шымкент бөлімшесінің оқу жөніндегі проректоры, филология кешенінің директоры; 2001 жылдан қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының профессоры. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады (1970). Жалпы саны 237-ге жуық ғылым. еңбектер жазған, 8 ғылым кандидатын қорғатты. Негізгі ғылыми еңбектері «Көмекші сөздер: Оқу құралы» (1997), «Етістік: Оқу құралы» (2001) деп аталады.

Түркітанушылардың Халықаралық байқауында «Күміс алқа» (1980), «Жыл ғалымы» (Англия, 2002) медальдарымен марапатталған. Шығармалары: Қазақ тіліндегі калып етістіктері. А., 1980; Семантика казахского глагола (опыт семантической классифкации). АДД., А., 1983; Сөз теориясы. Таш., 1985; Қазақ тіліндегі дуративті қосымшалар. А., 1987; Түркологияға кіріспе. А., 1985 (авторлардың бірі); Қазақ тілінің семантикасы. А., 1992; Түркітанымға кіріспе. А., 1993; Көмекші сөздер. Таш., 1997.Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3 Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:1942 жылы туғандар Санат:Түркістан облысында туғандар Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Қазақстан филологтары Санат:Профессорлар