Есеболат — Жетісу облысы Ақсу ауданындағы ауыл, Есеболат ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Жансүгіров ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 5 км-дей жерде. Қайрақкөл тауының солтүстік бөктеріндегі, бұта аралас сұлыбас, бетеге, қылқан селеу, жусан өскен қоңыр топырақты қуаң далалық белдемде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен14371329 1240 93,3 668 629 94,2 661 611 92,4

Тарихы 1963—97 жылы қызылша өсірумен айналысатын “Діңгек” кеңшарының орталығы болған. Оның негізінде 1997 жылы шаруа қожалықтары құрылған.

Инфрақұрылымы Ауылда орта мектеп, дәрігерлік-амбулаторлық пункт, клуб, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

Дереккөздер

Санат:Ақсу ауданы елді мекендері