Майра Смахқызы Омар (1958 жылы 27 қазанда Көкшетау облысында туған) — актриса. Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты (1992). Құрмет орденінің иегері (2017). Ерен еңбегі үшін медалінің иегері (2002).

Толығырақ Майра Смахқызы 1958 жылы 27 қазанда Көкшетау облысы Қызылту ауданында дүниеге келген. 1978 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры жанындағы театр студиясын қызыл дипломмен бітірген. 1994 - 1996 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген. 1978 - 1979 жылдары Талдықорған драма театрының актрисасы. 1979 - 2009 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы. 2010 жылдан Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актрисасы.

Сахнадағы негізгі рөлдері Талдықорған драма театры және Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында ойнаған рөлдері: Б. Римова «Абай-Әйгерім» – Айғыз, М. Байджиев «Қалыңдық пен күйеу» – қалыңдық, С. Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Нигора, Т. Брандес «Мен сіздің әпкеңізбін» – Энни, Табукашвили «Арманымның ақ құсы» – Елена, Ж. Мольер «Ақымақ болған басым-ай» – Клодина, Ш. Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» – Найман Ана, «Ақ кеме» – Бұғы Ана, Қ. Шаңғытбаев, Қ. Байсейітов «Беу, қыздар-ай» – Күнсұлу, Т. Нұрмағамбетов «Бес бойдаққа бір той» – Күйкетай, М. Әуезов «Еңлік-Кебек» – Еңлік, «Қилы заман» – Ана, «Дос – бедел дос» – Гүлжан, Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» – Мақпал, «Махаббат дастаны» – Күнікей, К. Ашир «Қабыл-Адам ата перзенті» – Хауа Ана, Е.Замятин «Еділ патша» – Ильдихо, Б. Майлин «Сабатажж» – Қалампыр, М. Мақатаев «Қош, махаббат» – Бану, Ж. Аймауытов «Махаббат мұңы» – Шекер, Р. Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» – Рахия, Т. Мурод «Ат жылаған түн» – Қымбат, М. Гаппаров «Тұзды шөл» – Рәбия, Гоцци «Турандот ханшайым» – Зелима, А. Сүлейменов «Жетінші палата» – Жамал, «Қыздай жесір – штат қысқарту» – Үрия, Қ. Мұқамеджанов, Ш. Айтматов «Көктөбедегі кездесу» – Алма, Н. Келімбетов «Үміт үзгім келмейді» – Қарлығаш, Б. Мұқай «Сергелдең болған серілер» – Сайраш, Хикмет «Фархат-Шырын» – Сербиназ, Покровский «Жуастан жуан» – Қырмызы, С. Санбаев «Бір құты мұнай» – Петра, А. Жағанова «Жан алқымда» – Сәуле, И. Ғайып «Шыңғысхан» – Күлал, И. Вовнянко «Апат» – Ұлпан, С. Мұқанов «Мөлдір махаббат» – Қалиса, У. Шекспир «Гамлет» – Гертруда, «Ромео мен Джульетта» – Леди Капулетти, Ә. Әмзеев «Қара кемпір» – Қали, М. Кәрім «Ай тұтылған түн» – Таңқабике, т.б. Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры сахнасында: Д. Рамазан «Кенесары-Күнімжан» – Қадиша; Е. Жуасбек «Антивирус» – Нафиса; Ф. Оңғарсынова «Даланың күйші Динасы» – Динаның анасы, Ғ. Мүсірепов «Ақан сері-Ақтоқты» – Дәмелі, А. Вальехо «Күн сәулесі түспеген» – Шешесі, Ж. Ануй«Жалын жұтқан Жанна д’Арк» – Анасы, Б. Минору «Әзәзіл» – бірінші әйел, Ә. Тарази «Үкілі жұлдыз» – Ай, С. Балғабаев «Ең жақсы еркек» – меңгеруші, Р. Отарбаев «Көлеңкесіз жолаушы» – шешесі, т.б.

Марапаттары 1988 жылы Республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты. 1992 жылы Е. Аманшаевтың «Үзілген бесік жыры» драмасында Сағима бейнесін көркем сомдағаны үшін Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері атанды. 2002 жылы Елбасының жарлығымен Ерен еңбегі үшін медалі мен марапатталды. 2017 - Құрмет ордені

Санат:27 қазанда туғандар Санат:Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектері Санат:Қазақстан театр актрисалары Санат:Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегерлері Санат:Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры тұлғалары Санат:Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры тұлғалары