Күләш Ділдәқызы Ахметова (1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстан Талас ауданы Киров ауылында туған) — ақын, журналист, аудармашы. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2006). Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1978). Жамбыл облысының құрметті азаматы. Парасат және Құрмет ордендерінің иегері.
Толығырақ Күләш Ділдәқызы Ахметова 1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстан Талас ауданы Киров ауылында дүниеге келген. Жамбыл облысы Талас ауданындағы Үшарал орта мектебін бітірген 1961 жылы Жамбыл медициналық училищесін мейірбике мамандығы бойынша бітірген 1973 жылы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін журналист мамандығы бойынша бітірген Үшарал медпунктінде меңгеруші, Талас аудандық «Ленин жолы», 1973-1977 жылдары республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1977-1980 жылдары «Жалын» баспасының поэзия бөлімінде редактор болды. «Сен менің бақытымсың» атты кітабы үшін ақын Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты болды. Өлеңдері орыс, украин және түркі халықтарының тілдеріне аударылған, мектеп оқулықтарына енген. Тәуелсіздіктің он жылдығына, Астананың он жылдығына арналған республикалық жазба ақындар мүшәйрасының Бас жүлдегері.
Марапаттары 1978 жылы «Сен менің бақытымсың» атты кітабы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілді 2006 жылы «Құт» кітабы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. «Болашақ» поэмасы үшін К.Симонов атындағы халықаралық сыйлықтың иегері 2006 жылы - Құрмет ордені 2017 жылы - Парасат ордені Жамбыл облысының құрметті азаматы ҚР көптеген мерекелік медалдарымен және президенттің алғыс хаттарымен марапатталған ҚР тұңғыш президенті - елбасы Н.Ә.Назарбаевтың әдебиет саласындағы мемлекеттік және президенттік степендияларының иегері.
Өлеңдері Ақ гүлім менің. «Жазушы», 1975 Сен менің бақытымсың. «Жалын», 1977 Жапырақ – жаздың жүрегі. «Жалын», 1979 Мейірім. «Жалын», 1981 Бұлақтағы жұлдыздар. «Жазушы», 1982 Жасыл жағалау. «Жалын», 1984 Возвращение аистов. (орыс тілінде). «Жазушы», 1985 Арғымақтар даласы. «Жалын», 1987 Сен жанымда жүрсең. «Жазушы» (1987) Наурыз нұры. «Жазушы», 1991 Күн шыққанда күліп оян. «Ана тілі». 1996 Бақ. «Атамұра», 2006 Құт. «Дәуір», 2006 Махаббат. «Дәуір», 2007 Жайна Қазақстан, «Салық тәртібі», 2011 День отрады, «Седьмая верста», 2014 Бақытты болыңдар, «Қазақпарат», 2014 Орман. «Фолиант», 2015 Менің сәулелі сәттерім. «Шығыс ақпарат», 2015Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл Ахметова өлеңдері орыс, украин, белорус, өзбек, башқұрт, қырғыз, т.б. тілдерге аударылған. А.Ахматова, А.Межиров, Н.Ислам, Э.Межелайтис өлеңдерін қазақ тіліне тәржімалады.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6 Азаматтық үнінің айқындығымен, нәзік сыршылдығымен ерекшеленетін Ахметова шығармалары туған елді сүю, адалдық, достық, махаббат сезімдерін арқау етеді. Замандастың көңіл-күйі, жан әлеміндегі құбылыстар, әйел тағдыры — ақынның лирикалық толғаныстарының арқауын құрайды.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9
Отбасы Әкесі - Ахметов Ділдә, марқұм, жұмысшы болып жұмыс істеген Анасы - Құдайбергенова Бегзада, марқұм, қызметкерболып жұмыс істеген
Дереккөздер
Санат:Қазақстан ақындары Санат:Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегерлері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті түлектері Санат:Жамбыл облысының құрметті азаматтары Санат:Қазақстан журналистері Санат:Қазақстан аудармашылары Санат:Жамбыл медициналық колледжі түлектері Санат:Ұлан газеті қызметкерлері Санат:Қазақстан редакторлары Санат:Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегерлері