Дәрежан Қаражанұлы Өмірбаев (15 наурыз, 1958 жыл, Талас ауданы, Жамбыл облысы) — қазақстандық актер, кинорежиссёр, сценарист. «Тарлан» платинды тәуелсіз сыйлығының иегері. Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті.

Толығырақ Дәрежан Қаражанұлы 1958 жылы 15 наурызда Жамбыл облысы Талас ауданында дүниеге келген. 1980 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қолданбалы математика факултетін бітірген. 1987 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының режиссерлік факултетін бітірген. 1992 жылдан Қазақстан киноматографистер одағының мүшесі. «Қазақфильм» киностудиясында режиссердің ассистенті болып бастап, сценарийлік-редакторлық алқаның редакторы, «Жаңа фильм» журналының редакторы, Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері болған. 1985 жылдан «Қазақфильм» киностудиясының қоюшы-режиссері. 2000 жылдан Қазақ ұлттық өнер академиясынында «Кино тарихы мен теориясы», «Режиссура кино және ТВ» кафедрасында студенттерге "Киноренжиссура негіздері", "монтаж", "теория кино", "режиссура" пәндерінен дәріс береді. доцент.

Шығармашылығы «Жаңа фильм», «Көк Фонтан» кинофильм теориясының авторы. Кинофильмдері 1991 — «Қайрат» 1994 — «Кардиограмма» 1998 — «Шілде» және «Киллер», 2001 — «Жол» 2006 — «О любви» 2007 — «Шуға» 2012 — «Студент»

Марапаттары Көптеген халықаралық кинофистивальдерінің жүлдегері 2001 жылы «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты Қазақстанның Құрмет ордені мен марапатталған. Францияның Әдебиет және өнер орденімен марапатталған. Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан кинотанушылары Санат:Қазақстан сценарийшілері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институты түлектері Санат:Қазақфильм тұлғалары Санат:Тәуелсіз "Тарлан" сыйлығының иегерлері Санат:Қазақ ұлттық өнер университеті оқытушылары Санат:Францияның Әдебиет және өнер орденінің иегерлері