Ғайса Әбуов (1915-1982) – партия қызметкері.
Өмірбаяны 1931-1934 жылдары ФЗО-да, 1935-1938 жылдары Қызылорда қаласындағы сауда техникумында оқыды. 1963 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал мемлекеттік педагогикалық институтынын бітірген.
Еңбек жолы Еңбек жолын 1934 жылы Новоресей ауданы Мағаджан кеңшарында есепші болып бастаған. Сауда техникумынан кейін Ақтөбе облыстық комсомол комитетінде бөлім меңгерушісі, облыстық партия комитетінің нұсқаушысы қызметтерін атқарады. 1939-1946 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысты. 1946-1952 жылдары облыстық партия комитетінде сектор меңгерушісі, қалалық партия комитетінің 2-хатшысы, 1952-1956 жылдары облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісі. 1956-1963 жылдары қалалық партия комитетінің 1-хатшысы. 1963-1964 жылдары Батыс Қазақстан өлкелік партия комитетінің бөлім меңгерушісі. 1964-1972 жылдары обкомның әкімшілік және сауда-қаржы бөлімін басқарды. 1972 жылдан ғұмырының соңына дейін обкомда парткомиссияның төрағасы болып қызмет етті.
Марапаттары Көп жылғы мінсіз қызметі үшін Қызыл Жұлдыз, екі мәрте "Құрмет белгісі" ордендерімен, 8 медальмен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.Ақтөбе: энциклопедия. - Ақтөбе, 2001. - 748 бет
Дереккөздер
Санат:Қызылорда тұлғалары