Ким СокДжин (кор. 김석진, 1992 жылдың 4 желтоқсаны күні дүниеге келген, Джин есімімен көбірек танымал) — Оңтүстік Кореялық әнші. Bangtan Boys (BTS) бойз-бендінің әншісі болып табылады.
Өмірбаяны Ким СокДжин Оңтүстік Кореяның Анян қаласында 1992 жылдың 4 желтоқсаны күні дүниеге келген. Оның отбасында ата-анасынан бөлек үлкен ағасы бар.
Джин Konkuk University университетінің актерлік қабілет бойынша факультетінде студент болған, бірақ кейін Big Hit кастингінен өтіп, Big Hit Entertainment-ке стажер ретінде барады.
Карьера Алғаш рет "Big Hit" стафф-ы Джинді көшеде келе жатқан кезде байқап, компанияда болып жатқан кастингтен өтуді ұсынды: ол уақытта СокДжин актер ретінде оқып жүрген еді.
2013 жылдың 13 маусымында Джиннің Bangtan boys тобының әншісі ретіндегі дебюті ең алғаш рет «No More Dream» синглімен бірге шыққан болатын. Дәл сол жылы MelOn Music Awards және Golden Disk Awards-та бойз-бенд «Жылдың ең үздік жаңа тобы» номинациясына ие болды. 11 қыркүйек күні олардың «O!RUL8,2?» атты ең алғашқы мини- альбомдары шыққан болатын.
2014 жылы олардың «Skool Luv Affair» атты екінші мини-альбомдары жарық көрді, олардың ең алғашқы «Wake Up» атты жапонша альбомдары жәнеде олардың ең алғашқы толық форматты «Dark & Wild» атты альбомдары да жарық көрді. Ал 2015 жылы «The Most Beautiful Moment in Life: Part 1» атты жинағы шықты, ал бірнеше айдан кейін сол жинақтың жалғасы шықты — «The Most Beautiful Moment in Life: Part 2».
2016 жылы «The Most Beautiful Moment in Life: Young Forever» атты арнайы басылымы, «Youth» атты екінші жапонша мини-альбомы шықты және 10 қараша күні олардың екінші толық форматты «Wings» атты альбомы шықты . Джин бұл альбом құрамына өзінің «Awake» атты синглін қосты.
Дискография
Мини-альбомдары №АльбомАльбом жайлы ақпарат1O!RUL8,2? Шығарылған күні: 11.09.20132Skool Luv Affair Шығарылған күні: 12.02.2014Skool Luv Affair Special Addition Шығарылған күні: 14.05.20143花樣年華 pt.1 Шығарылған күні: 29.04.20154花樣年華 pt.2 Шығарылған күні: 30.11.20155花樣年華: Young Forever Шығарылған күні: 02.05.2016 Трек-парақша
Толық форматты альбомдары №АльбомАльбом жайлы ақпаратКорейше1DARK&WILD Шығарылған күні: 20.08.20142WINGS Шығарылған күні: 10.10.2016Жапонша1WAKE UP Шығарылған күні: 24.12.2014
Википедия -свободная энциклопедия Ким СокДжин Facts about Jin