Дәуіт – Қаратүп түбегі мен Берг бұғазы аралығындағы тау.

Географиялық орны Қызылорда облысы Арал ауданы Кіші Арал теңізінің оңтүстігінде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 161 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 4 км-ге, енді жері 2 км-ге созылып жатыр. Беткейі жайпақ, шығыс, оңтүстік-батыс бөліктері 36 м-лік тік жартасты қабаттармен көмкерілген.

Геологиялық құрылымы Аллювийлі-пролювийлі шөгінділермен жабылған палеоген жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Шөлдің сортаңды қоңыр топырақ жамылғысында сұр жусан, бұйырғын, тасбұйырғын өседі.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы" 2011. - 179 бет.

Дереккөздер

Санат:Арал ауданы таулары