Дэ́ниел Джо́натан (Дэн) Сти́венс (; 10 қазан 1982, Кройдон, Лондон) — британдық актёр. «Аббатство Даунтон» телесериалының Мэттью Кроули рөлімен танымал.
Балалық шағы Стивенс туғаннан бері асырап алынған және Кройдонда, мұғалімдер отбасында өскен. Оның інісі де асырап алынған.
Бүлікші жастық кезінен кейін Стивенс Тонбридж мектебіне (Кенттегі жекеше мектеп-интернат) түсті. Сол жерде ол театрмен қызыққан. "Макбетте" бас рөлге тыңдалымды өткен. Сол кезде оның мұғалімі жазушы Джонатан Смит болған. Кембридждегі Эммануэль колледжінде ағылшын әдебиетін оқуды жалғастырған және курста үздік студент болған. Бітіруші курсында өз уақытының үлкен бөлігін театрға бөлген. Ол Кембридж университетінің «Footlights» театралдық клубының және Марлоу қоғамының мүшесі болған және Ұлттық жастар театрінда актерлік тәжірбиені алған. Бірінше рет ол режиссер сэр Питер Холлдың көзіне "Макбеттің" өндірісінде түскен. Стивенс осы пьесада бас рөлді ойнаған, ал Холлдың қызы Ребекка леди Макбетті ойнады.
Стивенс кәсіби актерлік мансабын 2004 жылы Холл оны Шекспирдің «сізге ұнайтындай» комедиясының қойылымында Орландо рөліне шақырған кезде бастады. Тур аясында қойылым Кингстондағы Темза Роуз театрында, Нью-Йорктегі Бруклин музыка академиясында, Сан-Францискодағы Карран театрында және Лос-Анджелестегі Ахмансон театрында көрсетілді. Дебют актерге Ұлыбритания мен АҚШ сыншыларының жақсы пікірлерін берді, сондай-ақ, Ян Чарлсон сыйлығының номинациясын алды.
2006 жылы Стивенс Алан Холлингхерсттің Букер сыйлығын алған «Сұлулық желісі» романының қойылымында Ник Гест рөлін сомдады. Сол жылы ол Питер Боулз және Джуди Денчпен бірге Лондондағы Хаймаркет театрында Ноэль Ковардтың «Шөп безгегінде» Саймон Блиссті ойнады; режиссері Питер Холл болды. Ол сондай-ақ Дракула қойылымындағы Лорд Холмвудтың рөлін және Эмми сыйлығының лауреаты Максвелл фильміндегі Базил Брукстың рөлін сомдады. Сол жылы ол Screen International ертеңгі күннің жұлдызы деп аталды.
2008 жылы Стивенс Джейн Остиннің «Сезім мен сезімталдық» романының бейімделуінде Эдвард Феррарстың рөлін ойнады, сонымен қатар Ноэль Ковардтың «Құйын» романында ойнады. 2009 жылы актер Мишель Докеридің қатысуымен «Бұранданың бұралуы» әңгімесінің желісімен түсірілген қойылымда пайда болды (ол кейінірек «Даунтон аббаттығында» бірге ойнайды). Сол жылы Стивенс Вест-Эндке оралды,онда ол Том Стоппардтың «Аркадиядағы» Септимус Ходж рөлін ойнады.
2022 жылдың мамырында Стивенстің Годзилла Конгқа қарсы сиквелдінің жалғасындағы басты кейіпкер рөліне шақыруы туралы ақпарат пайда болды.
Стивенс 2011 жылы бірнеше достарымен бірге құрған The Junket онлайн басылымының бас редакторы болды.
Ағылшын тілінен басқа француз және неміс тілдерін еркін меңгерген.
Жеке өмірі Стивенс оңтүстікафрикалық джаз әншісі Сьюзи Хариетке үйленген. Әйелі қазір ән мұғалімі. Олар 2006 жылы, Англиядағы Шеффилдте әр түрлі театрларда ойнағанда кездескен. Жұбайлардың үш баласы бар: екі қыз - Уиллоу (2009) және Иден (2016), және бір ұл - Обри (2012). Ребекка Холл Уиллоудың шоқындырылған анасы болып табылады.
Фильмография Жыл Орысша атауы Атауы Рөлі 2004 Франкенштейн Frankenstein Генри2006 Линия красоты The Line of Beauty Ник Гэст2006 Дракула Dracula лорд Артур Холмвуд2007 Максвелл Maxwell Бэзил Брукс2007 Мисс Марпл Агаты Кристи Marple: Nemesis Майкл Рейфил2008 Разум и чувства Sense and Sensibility Эдвард Феррарс2009 Хильда Hilde Дэвид Кэмерон2009 Поворот винта The Turn of the Screw доктор Фишер2010-2012 Аббатство Даунтон Downton Abbey Мэттью Кроули (25 эпизод)2011 Книга мертвых Северного Лондона The North London Book of the Dead диктор2011 Приходящая няня Babysitting Спенсер2012 Вампирши Vamps Джоуи Ван Хельсинг2012 Мелководье Shallow Ричард Доув2013 Лето в феврале Summer in February Гилберт Эванс2013 Пятая власть The Fifth Estate Иэн Катц2013 Люди будущего The Tomorrow People TIM (3 эпизод) 2014 Гость The Guest Дэвид Коллинз2014 Однажды в сказке Once Upon a Time: Wicked Is Coming әңгіме айтушы 2014-2017 Кайф с доставкой High Maintenance Колин (3 эпизод)2014 Прогулка среди могил A Walk Among the Tombstones Кенни Кристо2014 Сапожник The Cobbler Эмильяно2014 Ночь в музее: Секрет гробницы Night at the Museum: Secret of the Tomb Ланселот2015 Преступная деятельность Criminal Activities Ной2015-2016 Суперособняк SuperMansion Бансен (2 эпизода)2016 Билет The Ticket Джеймс2016 Стратегии Оппенгейма Norman: The Moderate Rise and Tragic Fall of a New York Fixer Дэвид2016 Моя девушка – монстр Colossal Тим2017-2018 Легион Legion Дэвид Хэллер (8 эпизод)2017 Красавица и чудовище Beauty and the Beast Құбыжық2017 Допуск Permission Уилл2017 Маршалл Marshall 2017 Человек, который изобрёл Рождество The Man Who Invented Christmas Чарльз Диккенс
Сілтемелер
https://www.instagram.com/thatdanstevens/ https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D1%82%D0%B8%D0%B2%D0%B5%D0%BD%D1%81,_%D0%94%D1%8D%D0%BD
Дереккөздер
Санат:XXI ғасыр актерлері Санат:Кембридж университеті түлектері Санат:Ұлыбритания киноактерлері Санат:Аудиокітап баяндаушылары