Айсы, Әйсі – Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы дөңгелек пішінді тау. Абсолюттiк биіктігі 310 м.

Жер бедері Батыс беткейі Өлеңті өзеніне тіктеп келіп құлайды. Бұл тұсында тасты тау жыныстары жер бетіне шығып жатыр; шығысы — көлбеу.

Геологиялық құрылымы Палеоген жүйесінің тау жыныстарынан түзілген жер қыртысын аллювийлі шөгінділер жапқан.

Өсімдігі Шалғынның сортаңдау топырағында бидайық, арпабас, айрауық және әртүрлі шөптесіндер өскен. Кейбір жерлерінде жусан және бір жылдық сораң шөптесіндер топтамаларын құрайтын галофитті өсімдіктер кездеседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ерейментау ауданы таулары