Жасмин Тукс (; 1 ақпан 1991 жылы Хантингтон-Бич) — американдық топ-модель.
Бастапқы жылдары Хантингтон Бич қаласында Калифорнияда туып-өскен. Стилист болып жұмыс істейтін анасының арқасында модельдік бизнеске 15 жастан бастап араласып, подиумға шыға бастаған.Modelinia Exclusive: Get to Know Jasmine Tookes Балалық шағында гимнастика, футбол және волейболмен айналысты. 2010 жылы 19 жасында бірінші ересек келісім-шартқа қол қойып, бірінші коммерциялық көрсетілім компаниясы — Gap аталған.Meet the New Girl: Jasmine Tookes — The Cut Халықаралық подиумға 2011 жылы DKNY көрсетілімінен бастап шыға бастады, сол жылы Vogue Italia мұқабасында көрініс тапты.
Мансабы Түрлі уақытта көптеген көрсетілімдерге қатысты: Anthony Vaccarello, Balmain, Burberry, Calvin Klein, Carolina Herrera, Daks, DKNY, Dolce & Gabbana, DSquared2, Ermanno Scervino, Gianfranco Ferré, Giles, Hervé Léger, Isabel Marant, Jason Wu, Jill Stuart, Louis vuitton, Marc Jacobs, Marchesa, Oscar de la Renta, Paco Rabanne, Peter Som, Alberta Ferretti, Richard Chai, Salvatore Ferragamo, Stella McCartney, Trussardi, Versace, Yves Saint Laurent және басқа да.
2012,VSHOLIC.com | Victoria’s Secret Fashion Show 2012 Line-up Gallery 2013, 2014,Here Are All the Models Walking the 2014 Victoria’s Secret Fashion Show 2015Victoria's Secret Fashion Show 2015: All 44 models revealed, plus the reality behind the auditions detailed | Features | Lifestyle | The Independent жылдары Victoria's Secret компаниясының қорытынды шоуына шақырылды.
2015 жылы сәуір айынан бастап Victoria's Secret компаниясының «періштесі» аталды. 2016 жылы Victoria's Secret Fashion Show-ға арналған Fantasy Bra-ны көрсетуге бұйырды.
Жеке өмірі Тукстың қанында әр түрлі елдің бөлігі бар: Африкандық, Бразилиялық және Батыс Үнді. Тукс бастапқыда даттық модель Тобаяс Соренсенмен 4 жылдай қарым қатынаста болған, алайда 2016 жылдың ортасында бұл қатынас үзілген. Қазір ол Snapchat компаниясының партенлік менеджері Хуан Дэвид Борреромен қарым қатынаста.
Дереккөздер
Сілтемелер Fashion Model Directory сайтында профайлы (ағылш.) Twitter
Санат:1 ақпанда туғандар Санат:АҚШ фотомодельдері