Изабелла "Белла" Хайриа Хадид (, 9 қазан 1996 жылы, Лос-Анджелес) — америкалық модель, 2014 жылы IMG Models агенттігімен келісім шартқа отырған. 2016 жылы Daily Front Row-да "Жыл моделі" премиясын алған.

Ерте жылдары Белла Хадид Лос-Анджелесте, Калифорния штатында,  тележүргізуші және бұрынғы модель Иоланда Хадид (өз тегі ) және америкалық мультимиллионер Мохамед Хадидтің отбасында дүниеге келген. Белланың  әпкесі, модель Джиджи Хадид және інісі Ануар Хадид бар. Сондай-ақ, оның әкесі тарапынан  екі әпкесі, Мариэль және Алана  және өгей әкесі Дэвид Фостердің тарапынан бес әпкесі бар. 

Жасөспірім кезінде Белла Хадид ат спортымен айналысты және бастапқыда Рио-де-Жанейрода 2016 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуды жоспарлаған, бірақ кейінірек жаттыға алмай, жарысқа қатыспады. 2015 жылы қазан айында оның Лайм ауруымен ауыратыны белгілі болды. Оның анасы мен ағасы Ануарда да бұл ауру 2012 жылы табылған еді.

2014 жылы күзде Белла фото саласын зерттей бастады, алайда модельдік мансабы сәтті болғаннан кейін оны тастап кетті.

Жүлделері мен номинациялары ЖылыТипіЖүлдеНәтижесі2015Model.com Industry AwardsЖұлдыздық жарылыс: әйелдер (оқырмандар таңдауы)Жеңіс2016First Annual Fashion Los Angeles AwardsЖыл моделі Жеңіс

Фильмографиясы Телевизия Пайда болуыТелешоуРөлі1Keeping Up With the KardashiansӨзі3Real Housewives of Beverly HillsӨзі

Қысқаметражды фильмдер ЖылФильмРежиссёрРөлі2016PrivateTyler FordЕсімсіз/өзін

Бейнебаяндар ЖылыОрындаушыАтауы2014Jesse Jo StarkDown Your Drain 2014Jesse Jo StarkBaby Love2015The WeekndIn the Night2015Belly ft. The WeekndMight Not (featured)

Жеке өмірі Канадалық әнші The Weeknd-пен 2015-2020 жылдар аралығында бірнеше рет айырылысып, қайта қосылып жүрген. 2023 жылдың күзінен бастап Хадид америкалық ковбой Адан Бануэлоспен қарым-қатынаста.

Санат:АҚШ модельдері