Нұрбану сұлтан (, ; 1525 жыл — 7 желтоқсан 1583 жыл) — II Сәлімнің әйелі (хасеки сұлтан), III Мұраттың анасы (уәлиде сұлтан).

Өмірбаяны III Мұрат тұсында III Мұраттың анасы Уәлиде Нұрбану сұлтанның гаремдегі беделі артты, алайда алғашқы 4 жыл II Сәлімнің әпкесі Михримах сұлтан гаремнің басшысы болды. Михримах сұлтан гаремді анасы Хасеки Хүррем сұлтан ажалынан кейін және өз ажалына дейін 1558-1578 жылдары 20 жыл биледі. Ақырында, Михримах сұлтан 1578 жылы қайтыс болған соң, Уәлиде Нұрбану сұлтан гаремнің жаңа басшысы болды. Нұрбану сұлтанның гаремдегі тұтас билігі оның ажалына дейін, 1583 жылға дейін, жалғасты. Сонымен қатар Нұрбану сұлтан мемлекеттік істерге де ықпалы зор болды, себебі III Мұрат мемлекеттік мәселелерге қатысты шешімдер қабылдаған кезінде анасының кеңесін тыңдайтын. Паоло Контарини дожға жазған хатында былай дейді:

III Мұраттың тұсында "қатындар сұлтанаты" өз жалғасын тапты, себебі сұлтанға анасынан басқа сүйікті күңі де зор ықпал етті. Сұлтан өз күңін өте қатты сүйді, бірақ Сафиенің ықпалын төмендету үшін Нұрбану сұлтан Мұратқа басқа да күңдер жіберіп отырды. Бұл Уәлиде сұлтанның қолынан келсе де, ақырында сұлтан үшін Сафие ең сүйікті күң болып қала берді. 1583 жылы Нұрбану сұлтан қайтыс болған соң, Сафие өз беделін сезіне бастады. Анасы жанындай жақсы көрген III Мұрат анасының жаназасын зор сән-салтанатпен өткізді және Мимар Синанға анасының құрметіне мешіт салуға әмір берді. Мешіт Әтік Уәлиде мешіті деген атау алды. Джанфранческо Моросини айтуы бойынша:

Уәлиде сұлтан қайтыс болған соң, Моросини сол жайлы өзінің Венециядағы депешасына жеткізді:

III Мұрат өз анасын қатты қадірлеп, жақсы көретінМұрат Үшінші - 12-ші османлы сұлтаны .

Өнерде «Сүлеймен сұлтан» телехикаясы (2011-2014, Нұрбану сұлтан рөлінде — Мәруа Болуғур)

Дереккөздер

Санат:1525 жылы туғандар Санат:7 желтоқсанда қайтыс болғандар