Руссикум — Кеңес Одағы мен социалистік елдер үшін миссионерлер даярлайтын иезуиттер басқаратын мектеп. Ресей халқын католиктендіру мақсатында 1929 жылы папа Пий ХI құрған. Көптеген жылдар бойы іс жүзінде КСРО-ға қарсы бүлдіру әрекеттерін жүргізетін кадрлар даярлады. Қазіргі кезде шығыс шіркеулері Конгрегациясы қарамағында.
Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 Д. Мадеев, Е. Сапуанов «Атеистің қалта сөздігі» Алматы «Қазақстан» 1988 жыл, 288 бет
Санат:Мектептер Санат:Социалистік елдер