Йом-киппур ( — кешіру күні) — қыркүйек айының бас кезінде өткізілетін иудаизмдегі діни мейрам. Иудейлердің сенімі бойынша бұл күні Тәурат мен Талмуд ілімі бойынша құдай жекелеген адамдардың да, бүкіл халықтың да күнәларын кешіреді. Йом-киппур күнін құдайға сенушілік түсініктерімен байланыстырады, бейне бұл мейрам күні жер бетінің тұрғындары Яхве құдайдың алдынан өтеді, ал ол, адамдардың барлық ісімен қанығып, әркімнің сіңірген еңбегіне қарай жеке-жеке үкім шығарады. Сондықтан Йом-киппур сот болатын күн деп аталады. Йом-киппурды мерекелеу дінге сенушілердің құдай және оның жердегі өкілдері алдында көзжұмбай үрейін туғызуға және оның құдіретті күші алдында бағыныштылық пен мойын ұсыну сезімін қалыптастыруға тиіс.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы, «Қазақ энциклопедиясы». Бас редакциясы, 1998 ж.Д. Мадеев, Е. Сапуанов «Атеистің қалта сөздігі» Алматы «Қазақстан» 1988 жыл, 288 бет

Дереккөздер

Санат:Алфавит бойынша мейрамдар Санат:Йом-киппур