Ойсылқара, Сармырза – Ор алабындағы өзен.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Хромтау ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 113 км, су жиналатын алабы 1900 км2.

Бастауы Хромтау қаласының батысындағы бұлақтардан басталып, Қопа ауылының тұсында Ор өзеніне құяды.

Гидрологиясы Аңғары кең, арнасы тік жарлы. Жер асты, жауын-шашын суымен толығады. Суы тұщы. Әрқайсысының ұзындығы 10 км шамасында 15 саласы бар. Жайылмасы шабындыққа пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы 7- том

Дереккөздер

Санат:Хромтау ауданы өзендері