Серікхан Абдоллаұлы Байтілен (1.1.1944 жылы туған, Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаратөбе ауылы) – тарих ғылым докторы (2000). профессор (1999). Жамбыл технол. институтын (1967) және Алматы жоғары партия мектебін (1977) бітірген. Жамбыл астық комб-тында цех бастығы, қалалық, облысы комсомол комитеті хатшысы, облыс партия комитеті жанындағы Ағарту үйінің меңгерушісі, Қаратау қ-лық партия к-тінің 2-хатшысы, Тараз мемл. университетінде кафедра меңгерушісі және профессор, осы университеттегі «Ежелгі Тараз» ғылыми-зертханалық ортаның меңгерушісі қызметтерін (1967–99) атқарады. «Кеңес өкіметінің Қазақстандағы аграрлық саясаты: экстенсивті бағыт және тұралау (1965–1990 жылы)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Сыртқы сілтемелер http://www.alashainasy.kz/last_dates/16996/ http://thenews.kz/2010/11/22/620280.html http://qogam.kz/sen-tugan-kun/1-kantar/ http://old.kaztrk.kz/news/policy/newsdetial.php?ELEMENT_ID=6937 http://old.kaztrk.kz/news/policy/newsdetial.php?month=05&year=2010&ELEMENT_ID=6937 http://www.tarmpi.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=63&Itemid=90&lang=kz қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер</span>