thumb|right|200px|Алексей Николаевич Харузиннің ішкі істер министрі, гофмейстер лауазымындағы кезі Алексей Николаевич Харузин (12 наурыз 1864, Таллин – 8 мамыр 1932, Мәскеу) – этнограф ғалым, археолог әрі антрополог.
Өмірбаяны Мәскеу университетің физика-математика факультетін бітірген (1889). 1892 жылы Дерпт университетінде зоология магистрі дәрежесін алған.
Ғылыми жұмыстары Студент кезден-ақ Кавказ, Қырым, Босфор, Бөкей Ордасына шыққан ғылыми экспедицияларға қатысқан. Ресейдің түрлі халықтарының, соның ішінде қазақтардың антропологиясы мен палеоантропологиясын, этнографиясын ден қоя зерттеген. 1887–1988 жылы Бөкей даласына барған сапары Харузинге қазақ халқының этнографиясы мен антропологиясы бойынша мол деректер берді. Бөкей ордасындағы қазақтардың рулық және қоғамдық жағдайларына, отбасы қатынастарына, сот өндірісіне және сот құрылымдарына, діни көзқарастарына, ән-жырларына, ойын-сауықтарына, тұрмыстық ерекшеліктеріне кең орын берді.Қазақтар. 7-том. 112-бет. "Білік" баспа үйі, Алматы, 2003
Бұл саладағы оның негізгі еңбектері: «Бөкей Ордасының қорғандары» «Бөкей Ордасының картасы жөніндегі ескертпелер» «Дала очеркі», сондай-ақ «Бөкей Ордасының қазақтары» монографиясы, тағы басқа.Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:12 наурызда туғандар Санат:1864 жылы туғандар Санат:Таллинде туғандар Санат:8 мамырда қайтыс болғандар Санат:1932 жылы қайтыс болғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:I дәрежелі Әулие Станислав орденінің иегерлері Санат:IV дәрежелі Әулие Станислав орденінің иегерлері Санат:Мәскеу мемлекеттік университетінің физика-математика факультеті түлектері Санат:Ресей империясы этнографтары Санат:Ресей империясы антропологтары Санат:Бессарабия губернаторлары Санат:Орыс жиналысының мүшелері Санат:Ресей империясы сенаторлары Санат:КСРО-да қуғындалғандар Санат:Жүрек жетіспеушілігінен қайтыс болғандар