Басықара — Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы ауыл, Басықара ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 15 км-дей жерде.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1107 адам (564 ер адам және 543 әйел адам) болса, 2009 жылы 1159 адамды (590 ер адам және 569 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы

Тарихы Іргесі 1934 жылы №3 ауылдық кеңес болып құрылған. 1949 жылы ауылдық кеңес тарап, Қарашеңгел ауылдық кеңесіне қарасты болды. 1973 жылы Басықара ауылдық кеңесі болып қайта құрылды. 1997 жылы ауылдық кеңес тарап, 2001 жылға дейін Құмжиек ауылдық округіне қарасты болды. 2001 жылы Басықара ауылдық округі құрылды.

Дереккөздер

Санат:Қазалы ауданы елді мекендері