Шиелі – Сырдария алабындағы өзен. Сырдарияның тармағы.
Географиялық орны Қызылорда облысы Шиелі ауданы жерімен ағады.
Гидрологиясы Ұзындығы – 110 км. Қар суымен деңгейі көтеріледі. Аңғары кең, көбіне батпақты жазық, арнасы құмайтты болғандықтан тез өзгеріп отырады. Алабы – шабындық, жайылым. Суымен егістік алқап суарылады.
Бастауы Сырдариядан Төменарық темір жол стансасы тұсында бөлініп шығып, Жөлек ауылы тұсында қайта құяды.«Қызылорда облысының жер-су атаулары», Қызылорда, 2013.
Дереккөздер
Санат:Шиелі ауданы өзендері Санат:Сырдария су алабы