Роман Бюрки (; 14 қараша 1990 жылы(19901114) жылы туылды, Мюнзинген, Швейцария) — албандық сойына тартқан швейцариялық футболшы, дортмундтық "Боруссияның" және Швейцария ұлттық құрамасының қақпашысы.
Клубтық мансабы
Швейцариялық клубтар Бюрки футболмен өзінің туылған қаласы Мюнзингенде бастады, ал 14 жасында оны "Янг Бойзтың" жастар академиясына шақырды. Ол жерде Бюрки 4 жыл өткізіді, ал соның 2 жылын "Янг Бойз" U-21де өткізді. 2009 жылы Бюрки жалдаулармен саяхаттады. 2009/2010 жылғы маусымда ол "Тун" клубында жарты жыл өткізді. 2010/2011 маусымды Роман "Шаффхаузеннің" сатында бастады, ол жерде 9 ойын өткзіп, "Янг Бойзқа" оралды және ұлттық үздіктікте екі ойын өткізді.
2011 жылдың басын Бюрки "Грассхоппер" сатында жалдау құқығымен бастады. "Шегірткелердің" сатында ол 2,5 жыл өткізді, Бюрки 75 ойын өткізіп команданың бірінші номері болды, ол бұл бәсекені тәжірибелі Давид Тайниде жеңді, ал "Грассхоппер" жас қақпашыны 1,8 миллион еуроға келісімшартын өтеп алды. Бюркинің клубтық мансабындағы басты табысы 2013 жылы болды, ол кезде "Грассхоппер" 10 жылдың ішінде алғашқы рет Швейцария Кубогының иегері атанды, сол финалдық кездесуде кездесу аяғындағы пенальти соққыларының топтамасында жеңді.
Неміс клубтары 2014 жылы 24-ші мамырда Бюрки немістік "Фрайбургке", кетіп қалған Оливер Бауманнды алмастыруға келді. Бюрки өзінің жаңа клубының сатында чемпионатта 34 ойын өткізді, бірақтан қақпашының жарқыраған ойыны "Фрайбургті" бірінші Бундеслигада қалдыра алмады, ал "Фрайбург" екінші Бундеслигаға түсіп кетті.
2015 жылы 14-ші маусымда Бюрки дортмундтық "Боруссияға" өтті, ал келісімшарт 2019 жылға дейін байқалуда. Бірінші маусымда Бюрки дортмундықтардың негізгі қақпашысы болды. Түрлі жарыстардың алғашқы 4 ойындарында Бюрки өз қақпасын тиіспеушілікте қалдырды. Алғашқы голды швейцариялық қақпашы ұлттық чемпионатының үшінші турында берлиндік "Гертаға" қарсы ойынның 78-ші минутында өткізді.
Ұлттық құрамадағы мансабы 2008 жылы 28-ші тамызда Роман Бюрки дебюттік ойының Швейцарияның жасөсіпірмдік ұлттық құрамасының(19-ға дейін) сатында өткізді. Молдавияның ұлттық құрамасының жолдастық кездесуінде Роман барлық 90 минутты өткізді, ал ойын швейцариялықтардың 9:0 жеңістік есебімен аяқталды. 2011 жылы 10-шы тамызда Бюрки Швейцарияның жасөспірімдік ұлттық құрамасында дебютін өткізді, кездесуге негізгі қақпашы ретінде шығып, 1:1 есебімен Италияның жасөспірімдік ұлттық құрамасына қарсы аяқталды. Жасөспірімдік 2013 жылғы Еуропа Чемпионатына іріктеу кезеңінде Бюрки барлық ойындарда ойнады, бірақ торапты ойындарда швейцариялықтар екі ойын есебі бойынша неміс құрамасына (2-4) жеңілді. 2014 жылдың қарашасында Роман Швейцарияның ұлттық құрамасында дебюттік ойынды өткізді, ол Польша ұлттық құрамасына қарсы жолдастық кездесу болды, Роман барлық 90 минутты өткізіп, ойын 2:2 есебімен аяқталды.
Статистика Клубная статистика + Клубтық мансабыКлубМаусымЛигаКубоктарЕурокубоктарБарлығыОйындарГолдарОйындарГолдарОйындарГолдарОйындарГолдарТун2009/20104 -22 -2006−4Барлығы4-22-2006-4Шаффхаузен2009/20109 -900009−9Барлығы9-900009-9Янг Бойз2010/20112 -12 -22 -46−7Барлығы2-12-22-46-7Грассхоппер2010/201111 -15000011−152011/201231 -61000031−612012/201334 -294 -40038−332013/201434 -394 -24 -442−45Барлығы110-1448-64-4122-154Фрайбург2014/201534 -472 -20036−49Барлығы34-472-20036-49Боруссия Дортмунд2015/201613 -182 -11 -016−19Барлығы13-182-11-016-19Жалпы мансабында192-23716-137-8195-242 Роман Бюркинің Швейцария ұлттық құрамасы үшін ойындары№ДатаӨткізілген жеріҚарсыласыЕсепГолдарСоревнование12014 жыл 18-ші қараша Вроцлав Польша2:2 −2Товарищеский матч22015 жыл 31-ші наурыз Цюрих США1:1 −1Товарищеский матч32015 жыл 9-ші қазан Санкт-Галлен Сан-Марино7:0 −0Отборочный матч ЧЕ-201642015 жыл 13-ші қараша Трнава Словакия2:3 −3Товарищеский матч52016 жыл 3-ші маусым Лугано Молдавия2:1 −1Товарищеский матч Қорытынды: 5 ойын/ 7 өткізілген голдар; 2 жеңіс, 2 тең кездесулер, 1 жеңіліс.
Жетістіктері Швейцария Кубогының иегері: 2013
Ескертпелер
Сілтемелер Профиль сайтында worldfootball.net (ағыл.) Профиль сайтында transfermarkt.com (ағыл.)
Санат:14 қарашада туғандар Санат:1990 жылы туғандар Санат:Швейцария футболшылары