Жаңаталап — Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы ауыл, Жаңаталап ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Жалағаш кентінен оңтүстік-батысқа қарай 41 км-дей жерде, Ақтөбе құмының шығыс бөлігінде орналасқан.
Тарихы Іргесі 1932 жылы № 16 ауылдық кеңеске қарайтын ұсақ артельдер ұйымдасып, «Жаңаталап» ұжымшары болып құрылды. 1963 жылы Ленин және «Жаңаталап ұжымшарлары бірігіп өзімен аттас кеңшарды құрды.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 875 адам (430 ер адам және 445 әйел адам) болса, 2009 жылы 891 адамды (466 ер адам және 425 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы
Дереккөздер
Санат:Жалағаш ауданы елді мекендері