Самыркештер, самырсындар () — торғайтәрізділер отрядының қарға тұқымдасына жататын құстар туысы. Қазақстанның оңтүстік-шығысында (Алтайдан Тянь-Шаньға дейін) таудағы қылқан жапырақты орман алқаптарын мекендейді. Дене тұрқы 35 см-дей, салм. 160 — 180 г. Қауырсыны ақ дақты, күңгірт қоңыр, тұмсығы қара, ұзын, құйрығы қысқа болады. Самырсын құс — отырықшы құс. Орманның қалың жеріндегі ағаш басына ұялайды, түсі теңбіл 2 — 7 жұмыртқа салады да, оны мекиені мен қоразы 20 күндей кезектесіп басып, балапан шығарады. Самырсын құс — пайдалы құс, негізінен самырсын қарағайы мен шырша бүрінің дәнін жейді. Ол дәнді жемдік қор ретінде топырақ арасына көміп қояды, ал бұл орман өрттері болған жағдайларда ағаштардың қайта өсуіне жағдай туғызады.Қазақ Энциклопедиясы, 7 том

Суреттер

Дереккөздер

Санат:Торғайтәрізділер