VI Мехмет (; 2 ақпан 1861 — 15 мамыр 1926) — Османлы мемлекетінің 36-шы сұлтаны, Ислам халифатының 101-ші халифі.
Өмірбаяны VI Мехмет 1861 жылы османлы елордасы Константинопольде османлы сұлтаны I Әбділмәжит шаңырағында дүниеге келді.
нобай|солға|250px|VI Мехмет тұсындағы Османлы мемлекеті
VI Мехмет таққа отырған кезде, Бірінші дүниежүзілік соғыстың соңғы кезеңі болып жатты. Бұл соғыста Османлы мемлекеті Германия жағында соғысты. Ұлыбритания Сирияға кіріп, Дамаск пен Алеппоны басып алды. 1918 жылдың қыркүйек пен қазан айларында османлы әскерінің негізгі күштері Сирия, Палестина, Ирак жерлерінде британ әскерінен жеңіліс тапты. Соғыстағы жеңіліс Жас түріктердің шын мәнісіндегі билігін жойды: 8 қазанда Талғат паша бастаған Жас түріктер қызметінен кетті. 30 қазанда Мудрос бұғазында "Агамемнон" линкорының бүйірінде Жас түріктер британдықтармен бітім шарт жасады. Шарт бойынша османлы әскері қаруды тастады, демобилизация үрдісіне көшті, флот Антантаға берілді. Османлы мемлекетінің құрамындағы елдер: Сирия, Ирак, Палестина, Иордания, Мысыр, Ливия, Оман, Йемен, БАӘ, Бахрейн және Катар Ұлыбритания мен Францияға өтті. 3 қарашада Жас түріктердің басшылары Германияға қашты, ал "Бірлік пен өрлеу" () партиясы тарқады. 13 қарашада Антанта кемелерінің эскадрасы Константинопольдің жаңына келіп, десантты түсірді, ал келесі күні десант қалаға басып кірді.
Суреттері
Садрағзамдары № Есімі Қызмет атқарған мерзімі Уақыты 284 Талғат паша 3 шілде 1918 — 8 қазан 1918 3 ай 285 Ахмет Ізетті паша 14 қазан 1918 — 8 қараша 1918 1 ай 286 Ахмет Тәупік паша 11 қараша 1918 — 10 наурыз 1919 4 ай 287 Дамат Ферит паша 10 наурыз 1919 — 4 қазан 1919 7 ай 288 Әли Рыза паша 4 қазан 1919 — 2 наурыз 1920 5 ай 289 Салих Хүлісі паша 2 наурыз 1920 — 5 сәуір 1920 1 ай 290 Дамат Ферит паша 5 сәуір 1920 — 18 қазан 1920 1 ай 291 Ахмет Тәупік паша 21 қазан 1920 — 1 қараша 1922 2 жыл 10 күн
Санат:2 ақпанда туғандар Санат:Стамбулда туғандар Санат:Османлы империясының сұлтандары