Майжарма каналы – Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы Тереңөзек ауылының ортасымен ағады. 1939 – 40 жылдары салынған.
Гидрологиялық сипаты Ұзындығы 20 км. Бастауын Сырдария өзенінен алып, бірнеше тармақтарға бөлінеді. Тереңдігі 2 м, 1 – 6 м. Канал суы Тереңөзек ауылының шаруашылықтарына және егістік алқаптарды суару үшін пайдаланылады. Майжарма каналының сызбасын жасап, қазу жұмыстарын гидротехник С.Бедебеков басқарған.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Қызылорда облысы каналдары