II Сүлеймен (; 15 сәуір 1642 — 22 маусым 1691) — Османлы мемлекетінің 20-шы сұлтаны, Ислам халифатының 85-ші халифі.

Өмірбаяны нобай|солға|250px|II Сүлеймен суреті

II Сүлеймен 1642 жыл османлы елордасы Константинопольде османлы сұлтаны Ибраһим шаңырағында дүниеге келді. Ағасы IV Мехмет билеген кезде кафесте қамауда болды. 1687 жылы жаңа шеріктер көтерілісі нәтижесінде IV Мехмет тақтан тайдырылып, тақты II Сүлеймен иеленді.

Билеген жылдары Сұлтан өте діншіл жан болды, және уақытты көбінесе Алла Тағалаға ризық етумен, намаз, дұға оқуумен өткізді. Ал мемлекеттік істермен садрағзамдар мен уәзірлер айналысты. Солардың ең көрнектісі — Көпрүлі Фазыл Мұстафа паша.

Киелі Лигамен соғыс жалғасты, Аустрия 1688 жылы Белградты және Боснияны жаулап алды. 1889 жылы аустриялықтар шапқыншылығы тоқтатылып, 1690 жылы Оршова мен Белград қайтарып алынды.

Ажалы II Сүлеймен 1691 жылдың 22 маусымында жүрек шеменінен қайтыс болды. Мәйіті Сүлеймение мешітінің жаңындағы мазарда жерленді.

Садрағзамдары № Есімі Қызмет атқарған мерзімі Уақыты 119 Көпрүлі Дамат Абхаз Сияуш паша 8 қараша 1687 — 23 ақпан 1688 3 ай 120 Нышаншы Ысмайыл паша 23 ақпан 1688 — 2 мамыр 1688 3 ай 121 Тақырдақты Бекір Мұстафа паша 30 мамыр 1688 — 7 қараша 1689 1 жыл 122 Көпрүлі Фазыл Мұстафа паша 10 қараша 1689 — 22 маусым 1691 2 жыл

Санат:15 сәуірде туғандар Санат:22 маусымда қайтыс болғандар Санат:Стамбулда туғандар Санат:Османлы империясының сұлтандары