Шайтантөбе – Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы тау. Ақкөл қаласының солтүстігінде, Мамай көлінің оңтүстік-шығысында 10 км, Итемген көлінен солтүстік-шығысқа қарай 15 км, Астана қаласынан 160 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 393 м. Оңтүстіктен солтүстікке 2-2,5 км-ге, ені 1,5-2 км-ге созылған. Беткейі көлбеу, нашар тілімделген.
Геологиялық құрылымы Элювиальді-делювиальді шөгінділерден түзілген жоғарғы девон граниттерімен көмкерілген.
Өсімдігі Карбонатты қара топырағында боз, бетеге тектес өсімдіктер өскен.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ақкөл ауданы таулары