Қазақ хандығының ханы — Қазақ Хандығының басшысы, қазақ әскерінің бас қолбасшысы.
Қазақ хандарының барлығы Шыңғыс ханның ұрпақтары, яғни Шыңғыс хан әулетіне жатады. Қазақ Хандығы өз заманындағы ең қуатты елдерінің бірі болатын. Қасым хан тұсында қазақ әскерінде жауынгерлер саны 300 мыңға жетті, ал Есім хан тұсында олардың саны 400 мыңнан асты. Осы хандар тек саясатпен ғана емес, соғыс ісімен, заңнамамен де айналысқан.
Қасым хан дәуірінде "Қасқа жол", Есім хан тұсында "Ескі жол" және Тәуке хан заманында "Жеті жарғы" атты заңдар жинақтары жарық көрді.
Қазақ хандарының резиденциялары әртүрлі замандарда әртүрлі жерлерде болды. Қасым хан тұсында резиденция жуырда жаулап алынған Сарайшық қаласында болды. 1599 жылы Есім хан резиденцияны Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің Үлкен Ақсарай және Кіші Ақсарай атты бөлмелеріне көшірді.
Сол кесенеде бірнеше қазақ хандары жерленді. Ал Есім ханның өзінде Түркістан қаласында жеке кесенесі бар. Қасым ханда Сарайшықтағы кесенесі бар.
Қазақ хандығы хандарының тізімі № Есімі Бетсуреті Таққа отырған жылы Тақтан кеткен жылы Билік еткен уақыты Құрылу дәуірі(1465 жыл — 1533 жыл) 1 Керей хан 100px|Керей хан бетсуреті 1465 жыл 1473 жыл 8 2 I Жәнібек хан 100px|I Жәнібек хан бетсуреті 1473 жыл 1480 жыл 7 3 Бұрындық хан– 1480 жыл 1511 жыл 31 4 Қасым хан 100px|Қасым хан бетсуреті 1511 жыл 1521 жыл 10 5 Мамаш хан — 1521 жыл 1523 жыл 2 6 Тахир хан — 1523 жыл 1533 жыл 10 Ханаралық дәуірі(1533 жыл — 1538 жыл) — Бауыш ханШығыс және Оңтүстік өңір сұлтаны — 1529 жыл 1533 жыл 4 — Ахмет ханСырдария сұлтаны — 1533 жыл 1535 жыл 2 — Тоғым ханТүркістан сұлтаны — 1533 жыл 27 шілде 1537 жыл 4 — Бұйдаш ханЖетісу сұлтаны– 1533 жыл 1538 жыл 5 — Қожа Махмұт хан – 1534 жыл 1535 жыл 1 — Азиз сұлтан– 1535 жыл 1536 жыл 1 Өркендеу дәуірі(1538 жыл — 1643 жыл) 7 Хақназар хан– 1538 жыл 1580 жыл 42 8 Шығай хан– 1580 жыл 1582 жыл 2 9 Тәуекел хан– 1582 жыл 1598 жыл 16 10 Есім хан– 1598 жыл 1628 жыл 30 11 ІІ Жәнібек хан — 1628 жыл 1643 жыл 15 Жоңғар шапқыншылығының дәуірі(1643 жыл — 1718 жыл) 12 Жәңгір хан– 1643 жыл 1652 жыл 9 13 Батыр хан– 1652 жыл 1680 жыл 28 14 Тәуке хан– 1680 жыл 1715 жыл 35 15 Қайып хан — 1715 жыл 1718 жыл 3 Ыдырау дәуірі(1718 жыл — 1847 жыл) 16 Болат хан — 1718 жыл 1729 жыл 11 17 Әбілмәмбет хан — 1740 жыл 1771 жыл 31 18 Абылай хан100px 1771 жыл 1781 жыл 10 19 Кенесары хан 100px|Кенесары хан бетсуреті 1841 жыл 1847 жыл 6
Санат:Қазақ хандары