Химич Василий Петрович (1930 жылы туған, Украина, Винница облысы Бершадский ауданы Маньковка с. – 2014)Герои страны – еңбек ардагері, механизатор. Социалистік Еңбек Ері (1971). Еңбек жолын 1947 ж. Устьянский МТС-нда трактор жүргізушісі болып бастаған. Кировоград облысы Гайворон қаласындағы механизаторлар даярлайтын училищені бітірген (1955). Қостанай облысында комбайн жүргізушісі (1955 – 57), 1959 жылдан бұрынғы Көкшетау облысы Куйбышев ауданы Буденный атындағы кеңшардың №3-трактор бригадасының бригадирі болып ұзақ жылдар жұмыс жасаған. Орден, медальдармен марапатталған.Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер
Химич Василий Петрпович// Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области
Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:1930 жылы туғандар Санат:2014 жылы қайтыс болғандар