Дэниел Бретт Уайсс (; 1972 жылы, 23 сәуірде д.к.) — америкалық сценарийші, жазушы. Оның «Lucky Wander Boy» атты дебюттік романы (2003) компьютерлік ойындар туралы болды. Сценарийші ретінде, Уайсс ғылыми фантастикалар және фэнтези жанрындағы әртүрлі шығармаларды киноға түсіру жұмыстарына қатысты. Ол Джордж Мартиннің "Мұз бен от жыры" атты романдар желісі бойынша Дэвид Бениоффпен бірігіп түсірген фэнтэзилік "Тақтар ойыны" сериалы арқылы көпшілікке танылды.
Өмірбаяны Уайсс Чикагода туып-өсіп, Уэслиан университетін аяқтады. Сондай-ақ, ол Дублиндегі Тринити колледжінде ирланд әдебиеті саласындағы философия магистрі және Айова университетінде Iowa Writers' Workshop жобасы аясында шығармашылық жазу бағытындағы бейнелеу өнері магистрі атанды.
Уайсстің дебюттік романы «Lucky Wander Boy» 2003 жылы шықты.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:Эмми сыйлығының иегерлері