Айғыржал – Абай облысы Аягөз ауданындағы жота.

Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 961 м. Сопақ пішінді келген таудың солтүстік бөлігі көтеріңкі. Қарасу өзені аңғарына тірелетін шығысы аласа келген. Сай-жыралармен тілімденген. Батыс және шығыс бөктерлерінен шағын өзендер бастау алады.

Өсімдігі Жусан, көкпек басым астық тұқымдас шөптесін өскен. Тауалды жазығы мал жайылымына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Аягөз ауданы таулары