Дмитрий Павлович Щербов (12.8.1906, Эстония, қазiргi Тарту қ. – ө.ж.б. Алматы қ.) – химия ғылымдарының докторы (1961). Қазақ КСР-iнiң еңбек сiңірген ғылым қайраткерi (1966).
Ленинград (қазiргi Санкт-Петербург) сурет-кино техникумын (1927) және сондағы Химия-технология институтын (1937) бiтiрген. 1940–46 ж. Медвежьегорск, Орск, Свердловск (қазiргi Екатеринбург) қалаларындағы геология талдау лабораториясында, 1946–56 ж. Алматы қаласындағы Оңтүстік Қазақстан геология басқармасында жұмыс iстеген. 1956 жылдан Қазақ минералдық шикiзаттар ғылыми-зерттеу институтында аналитика-химия лабораториясын ұйымдастырып, лаборатория меңгерушiсi болды.
Оның басшылығымен 60-қа жуық элементтердiң спектрофотометрлiк және флуориметрлiк анықтау әдiстерi зерттелдi. Ол 400-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның авторы. Щербов заттардың өте аз мөлшерiн анықтайтын 2 аналитикалық аспап – флуориметр жасап, авторлық куәлiк алған.
Еңбек Қызыл Ту орденiмен, медальдармен марапатталған.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы Шығармалары Флуориметрия в анализе минерального сырья, А.-А., 1965; Аналитическая химия кадмия, А.-А., 1973.
Дереккөздер
Санат:12 тамызда туғандар Санат:1906 жылы туғандар Санат:Тартуда туғандар Санат:Қазақстан химиктері Санат:Химия ғылымдарының докторлары Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткерлері Санат:Санкт-Петербург сурет-кино техникумы түлектері Санат:Санкт-Петербург химия-технология институты түлектері Санат:Қазақ минералдық шикiзаттар ғылыми-зерттеу институты тұлғалары Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері