Қаратұмсық – Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы тау. Теңіз көлінің солтүстік-батысында 20 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 565 м. Батыстан солтүстік-батысқа қарай доғаша иіліп 7 км-ге созылып жатыр, ені 3 км. Қаратұмсық жонды-төбелі төрткілді-денудациялық жазық. Батыс беткейі шығысына қарағанда біршама тіктеу, өзен, сайлармен қатты тілімденген. Оңтүстік-шығысында жартасты тау жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Солтүстік-шығыс және оңтүстік беткейлері етегінде көптеген көлдер, батпақты телімдер кездеседі. Бірнеше тау шыңдары бар (450 м, 457 м т.б.).

Геологиялық құрылымы Протерозой кезеңінің тау жыныстарынан түзілген жер қыртысын аллювийлі-делювийлі шөгінділер жапқан.

Өсімдігі Сортаңды даланың қызғылт қоңыр топырағында бетегелі-сұлыбасты-қаулы шөптесіндер өскен. Сор жерлерінде жусан, бетегелі-жусанды өсімдіктер қалыптасқан.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Ерейментау ауданы таулары