Джон Джеймс Рикард Маклеод (Маклауд; ; 6 қыркүйек 1876, Клуни — 16 наурыз 1935, Абердин) — шотландиялық дәрігер, физиолог, Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының 1923 жылғы лауреаты.

Зерттеу жұмысы

Бастапқы зертеулері Маклеод аты әрқашан көмірсутек алмасуы және инсулинмен байланыстырылады. Осыған қарамастан, оның бастапқы зерттеулері басқа бағытта болған. Оның алғышқы жұмысы 1899 жылы бұлшықет ұлпаларындағы фосфор құрылымына қатысты болған, кейінгі жұмыстарында пуриндік негіздер, декомпрессиондық аурулар, карбаматтар биохимиясы, Кох таяқшасы химиясы және т.б. бойынша болған.

Қайнар көзі

Сілтемелер Джон Маклеодтың Нобель комитетінің сайтындағы өмірбаяны Маклеод Джон Джеймс Рикард БСЭ-де

Санат:Ұлыбритания медиктері Санат:Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері Санат:Физиологтар Санат:Ұлыбритания биохимиктері Санат:Абердин университеті түлектері