Морис Хью Фредерик Уилкинс (англ. , 15 желтоқсан 1916 — 5 қазан 2004) — ағылшын физик және молекулярлық биолог, нуклеин қышқылыныӊ молекулалық құрылымына қатысты жаңалықтары үшін және оныӊ тірі жүйелердегі ақпаратты аударудағы маңызы үшін Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының 1962 жылғы лауреаты (Джеймс Уотсонмен және Фрэнсис Крикпен бірге). Фосфоресценция, изотоптарды бөлу, оптикалық микроскопия және рентгендік дифракция облыстарындағы ғылыми білімге үлес қосты, сондай-ақ, радарды жетілдірді. Морис Уилкинс Лондон университеті Король колледжінде (King's College London) ДНҚ-ның құрылымын кеңінен анықтау кезіндегі жұмысымен белгілі.
Қайнар көзі
Сілтемелер Уилкинс (Wilkins), Морис // электрондық кітапхана «Наука и техника» Лауреаты Нобелевской премии: Энциклопедия: Пер. с англ.- М.: Прогресс, 1992.
Тағы қараңыз Фотография 51
Санат:Бирмингем университеті түлектері Санат:Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері