Қызылсирақ балшықшы () – татреңдер тұқымдасына жататын құс. Қазақстанда көл мен өзен жағалауларында кездеседі. Қанатының ұзындығы 225 мм, салм. 200 г-дай. Түсі ақ пен қара аралас, арқасы мен қанаттары қара, бауыры мен құйрығы ақ түсті. Ұзын аяқтары – қызыл. Жыл құсы. Наурыздың ортасынан мамырдың басына дейін ұшып келіп, жерге ұя салады. Ондағы 4 теңбіл жұмыртқаларын мекиені мен қоразы кезектесіп, 25 күндей шайқайды. Балапандары мамық, қанаттанғаннан кейін тез ұшып кетеді. Негізінен омыртқасыздармен қоректенеді. Саны жылдан жылға азаюда.«Ақмола облысы» энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Татреңтәрізділер