Жангелдин ауылдық округі — Атырау облысы, Қызылқоға ауданындағы әкімшілік бірлік.
Әкімшілік құрамы Әкімшілік орталығы әрі құрамындағы жалғыз елді мекен – Жангелдин ауылы. Ауылдық округ құрамында болған Жырақұдық ауылы 2008 жылдан бастап Жангелдин ауылының құрамына енгізілген.Қызылқоға ауданының әкімшілік-аумақтық бірлігіне өзгеріс енгізу туралы
Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1575 адамды (808 ер адам және 767 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары +Елді мекенХалқы,адам (1989)Халқы,адам (1999)Халқы,адам (2009)Халқы,адам (2021) Жангелдин 1826 1551 1583 1575 Жаға 99 - - Жырақұдық 53 152 - Кіндіксай 186 - -
Тарихы Жангелдин ауылдық округі - аудан 1944 жылы құрылғанда Ақтөбе облысының Ойыл ауданынан 7 ұсақ ұжымдық шаруашылықтар (колхоздар) бөлініп, Миялы ауылдық кеңесінің (қазіргі Жангелдин) қарамағына кірген. Атап айтқанда: “Кіндіксай” ұжымдық шаруашылығы (төрағасы Қази Өтемұратов), “Амангелді” ұжымдық шаруашылығы (төрағасы Сәрсен Тұрышев), “Калинин” ұжымдық шаруашылығы (төрағасы Мұханбетияр Баекеев), “Жасқайрат” ұжымдық шаруашылығы (төрағасы Есалиев Кара), “Чапаев” ұжымдық шаруашылығы (төрағасы Құсайын Есалиев) және “Қамыскөл” ұжымдық шаруашылығы (төрағасы Қ. Сапауов).
Кейіннен ұсақ шаруашылықтар ірілендіріліп, Миялы ауылдық кеңесінен “Миялы”, “Амангелді”, “Кіндіксай” ұжымдық шаруашылықтары және Тайсойған ауылдық кеңесіне қарасты “Коммуна” ұжымдық шаруашылығы біріктіріліп, Андреев атындағы ірілендірілген ұжымдық шаруашылық болып құрылды. Кейіннен бұл шаруашылық Жангелдин атындағы ұжымдық шаруашылық болып аталды. Бұрынғы Миялы ауылдық кеңесіне қараған екі ұсақ ұжымдық шаруашылықтар “Жасқайрат” пен “Калинин” Ойыл ауылдық кеңесінің құрамына кіреді. Қалған “Чапаев”, “Қамыскөл” ұжымдық шаруашылықтары іріленген Ворошилов атындағы ұжымдық шаруашылықтың құрамына кіріп, Тайсойған ауылдық кеңесіне қарап кетеді, артынан бұл шаруашылықтың аты “XX партсъезд” атындағы шаруашылық болып өзгертілді.
Шаруа қожалықтары Ауылдық округте 19 шаруа қожалығы бар.
Мәдени-әлеуметтік мекемелер Жангелдин ауылында - 624 балалық 2 қабатты орта мектеп, 25 балалық “Балбөбек” балабақшасы, отбасылық дәрігерлік емхана, 200 орындық селолық мәдениет үйі, орталық монша, пошта, байланыс бөлімшесі және Миялы спорт мектебінің филиалы жұмыс жасайды. 2 жеке меншік дүкен, 2 кафе бар.
“Балбөбек” балабақшасы 1965 жылы құрылды. 2001 жылдан бастап “Балбобек" балабақшасы мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді. Балабақшадағы 25 бүлдіршінге 10 тәрбиеші тәлім-тәрбие беріп, өнерге баулуда.
Жангелдин дәрігерлік отбасылық емханасы 1961 жылдан бастап Жангелдин селолық медпункті болып ашылды. 1987 жылдан бастап дөрігерлік емхана болып қайта құрылды. Отбасылық дәрігерлік емханада 9 адам жұмыс жасайды.
Жангелдин ауылдық мәдениет үйі Мемлекеттік қазыналық кәсіпорны -1961 жылы селолық клуб болып құрылып, 2001 жылы қазыналық кәсіпорны болып тіркелді. Қазыналық кәсіпорында тұрақты 7 адам жұмыс жасайды. Округ бойынша автоклуб, селолық кітапхана жұмыс жасайды.Қызылқоға - құт мекен. Алматы: «Өлке» баспасы, 2005 ж. ISBN 9965-599-97-1
Дереккөздер
Санат:Қызылқоға ауданы ауылдық округтері