Мұз бен от жыры немесе Мұз бен алау жыры () — америкалық жазушы және сценарийші Джордж Р. Р. Мартинның эпикалық фэнтези-романдарының циклы. Дж. Р. Р. Мартин оны 1991 жылы жаза бастаған. Басында трилогия болатын, алайда қазір бес кітапқа жетті, жоспарда тағы да екі кітап бар. Бірінші үш кітап «Локус» сыйлығына 1997, 1999, 2001 жылы ие болды.

2015 жылы сәуірде сатылған кітаптардың саны 60 миллионға жетті, олар 45 тілге аударылды. The New York Times бестселлер тізімінде төртінші мен бесінші томдар бірінші орынға көтерілді. HBO телекомпаниясы осы роман бойынша түсірілген "Тақтар таласы" телехикаясын шығарады (2017 ж. декре бойынша 7 маусым жарық көрді).

Сюжет «Мұз бен от жыры» романның оқиғасы ойдан шығарылған әлемде өтеді. Осы романда қыс пен жаз бірнеше жылға созылады.

Кітаптар Тақтар таласы (1996) (358 бет) Патшалар шайқасы (1998) (365 бет) Қылыштар дауылы (2000) (473 бет) Құзғындар думаны (2005) (338 бет) Айдаһарлармен би (2011) (511 бет) Қысқы желдер (2018) Көктем арманы (2023)

Дереккөздер

Санат:Мұз бен от жыры