"Күлгін шар" — Кир Булычевтың «Алисаның саяхаты» атты цикліне кіретін балаларға арналған фантастикалық повесі.1982-інші жылы жазылған. Ал бірінші рет 1983-1984-інші жылдары газет бетіне шықты.

Мазмұны XXI ғасырдың аяқ жағы. Громозека, профессор Селезнев және Алиса ғылыми экспедицияның құрамында Бродяга атты ғаламшарды зерттеуге шықты. Бұл ғаламшар бүкіл жұлдыздар жүйесінен тыс орналасқан. Сонымен қатар ол жердегі сфера сыртқа шығарылған гравитациямен толы. Бүкіл тірі заттардың үлкен айырмашылықтары бар. Ғалымдардың пайымдауынша сол ғаламшардың тұрғындары 26 мың жыл бұрын біздің жер ғаламшарына сұмдық вирус толған күлгін түсті шар қалдырып кеткен. Ал ол вирустың жағымсыз жағы — ол тарап кетсе, жазылмайтын ауру пайда болады. Ал ол күлгін түсті шар жақын уақытта жарылу керек болатын. Қаһармандар жер ғаламшарына қайта ұшып келіп, осы пайымдауды жеткізген кезде, оларға ешкім сенбей қояды. Содан Алиса мен Громозека осыны дәлелдеу үшін уақыт көлігімен өткен уақытқа қайтады. Олардың мақсаттары — сол кездегі жасырылған шарды тауып, оны залалсыздандыру болып келеді. Алиса мен Громозека, тап болған ертегілер дәуірінде сиқыршыларды, айдаһарларды, перілерді және Герасик атты кішкентай ұлды кездестіреді. Көптеген қиындықтардан өтіп, шарды тапқаннан кейін, оны залалсыздандыруға атақты сиқыршы Оох көмектеседі.

Кейіпкерлер • Алиса Селезнёва

• Профессор Селезнёв

• Громозека

• Иван Иванович — Ертегілер қорығының директоры

• Герасик

• Дурында — сөйлейтін қарға

• Змей Гордыныч — Ертегілер қорығында тұратын 3 басты айдаһар

• Долгожеватель — 6 басты айдаһар, Змей Гордынычтың ағасы

• Жалмауыз кемпір

• Адам жегіш

• Қарақшылар

• Оох-Ертегілер дәуіріндегі сиқыршы

Дереккөздер Орыс википедясынан алынған