Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясы—ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел және басшы қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру саласындағы ғылыми және әдістемелік орталық..
Тарихы Бұл жоғарғы оқу орны өз тарихын Алматы қаласында ұдайы әрекет ететін КСРО мемлекеттік қауіпсіздік органдары басшы және жедел құрамының біліктілігін жетілдіру курстары деген есіммен 1974 жылдан бастады. 5 жылдан кейін оқу орыны КСРО МҚК Кадрлар біліктілігін арттыру курстары болып қайта құрылып, 1983 жылы оған КСРО МҚК Жоғары курстары деген ат берілді.
Қазақстан ұлттық егемендігін жариялағаннан кейін ел басшылығының шешімімен 1994 жылы оқу орыны Қазақстан Республикасы ҰҚК институты болып қайта құрылды. Оған ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерін жоғарғы арнаулы білім туралы диплом берумен жедел-іс-қимыл қызметінің барлық бағыттары бойынша даярлау және қайта даярлау міндеті жүктелді.
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 1999 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Институт Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясы болып қайта құрылды..
Дереккөздер
Санат:Халықтар Достығы орденімен марапатталған әскери бөлімдер Санат:1974 жылы құрылған оқу орындары Санат:Алматы академиялары Санат:КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Санат:Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Санат:Қазақстан университеттері