Эдуард Тейтем, (; 14 желтоқсан 1909, Боулдер, Колорадо — 5 қараша 1975, Нью-Йорк) — америкалық биохимик және генетик, АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшесі (1952).
Өмірбаяны Тейтем, Боулдер, Колорадо, АҚШ-та туған. Чикаго университетінде тәлім алды және биохимия докторлығын Висконсин-Мэдисон университетінде 1934 жылы алды."Edward L. Tatum." Encyclopædia Britannica. Encyclopædia Britannica Online. Encyclopædia Britannica Inc., 2012. Web. 07 Mar. 2012.Edward-L-Tatum. 1937 жылы Стэнфорд университетінде жұмыс істей бастады және осы кезде Бидлді жолықтырды. 1945 жылы Йель университетіне ауысты. 1948 жылы Стэнфорд қайтып оралды және кейінірек 1957 жылы Рокфеллер институтынде кірді.
Негізгі жұмыстары 1941 жылы (Дж.Бидлмен), нейроспора саңырауқұлағының гендік мутациясы штамммен өсу үшін кез келген қажетті аминқышқылдарды, витаминдерді немесе басқа өсу факторын (ауксотрофты мутант) синтездеу қабілетінің жоғалуына әкелетінін тапты, ал 1945 жылы бұл сипатты бактериялардан тапты. Бактериялардың рекомбинация генетикалық құбылысын тапты (Дж.Ледербергпен бірге, 1947) . Дж.Бидлмен бірге, биохимиялық генетика негізі болып табылатын «бір ген — бір фермент» тұжырымдамасын ұсынған.
Нобель жүлдесі Нобель жүлдесі (Дж. Бидл және Дж.Ледербергпен бірге, 1958).
Шығармалары Genetic control of biochemical reactions in Neurospora (совм. с G. \V. Beadle), «Proc. National Academy of Sciences», 1941, v. 27; в рус. пер.: История одного биологического исследования, в кн.: Гершкович И., Генетика, М., 1968.
Сілтемелер Нобельдік комитетінің сайтынан ақпарат
Дереккөздер
Санат:XX ғасыр биологтары Санат:АҚШ генетиктері Санат:Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері Санат:АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшелері Санат:Йель университеті оқытушылары Санат:5 қарашада қайтыс болғандар Санат:14 желтоқсанда туғандар