Октябрь Александрович Хан (1924 жылы туған, Ресей, Приморье өлкесі, Хоссанский ауданы Нижний Янчиха станциясы) – техника ғылымдарының докторы (1973), профессор (1975).

Өмірбаяны Қазақ тау-кен және металлургия институтын (1946, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. Химия ғылымдары институтының аспирантурасын (1951) бітірген. Ертіс мыс балқыту зауытында ауысым шебері, технолог (1946–1949) Қазақстан ғылым академиясының Химия ғылымдары институтында кіші, аға ғылыми қызметкер (1951–1952) Қазақстан ғылым академиясының ғылыми-зерттеу институтында зертхана меңгерушісі, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары (1957–1963) Бүкілодақтық түсті металл ғылыми-зерттеу институтында зертхана меңгерушісі (1963–1979) 1979 жылдан Шығыс Қазақстан техникалық университетінде кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Ғылыми еңбектері 1972 жылы «Исследование и разработка электрохимических способов извлечения кадмия и меди в виде не компактных осадков в гидрометаллургическом производстве» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 150-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның авторы.

Марапаттары Халықтар достығы орденімен марапатталған.Қазақ ұлттық энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:1924 жылы туғандар Санат:Приморье өлкесінде туғандар Санат:Қазақстан инженерлері Санат:Техника ғылымдарының докторлары Санат:Бүкілодақтық түсті металл ғылыми-зерттеу институтының профессорлары Санат:Халықтар Достығы орденінің иегерлері