нобай|Меган Фоллоуз және оның әріптесі Аделаида Кейн Меган Элизабет Лора Дайана Фоллоуз (; 14 наурыз 1968, Торонто, Онтарио, Канада) — канадалық-америкалық актриса, ол ең алдымен «Энн из Зелёных крыш» (1985) фильміндегі Энн Ширли және «Царство» телехикаясындағы (2013–2017) Екатерина Медичи рөлдері арқылы танымал.
Өмірбаяны Меган Элизабет Лора Дайана Фоллоуз актерлер Тед Фоллоуз және Дон Гринхалгтардың отбасысында Торонтода дүниеге келген. Ол отбасыдағы төрт баланың ішінде ең кішісі болатын. Оның әпкесі Эдвина Дон Фоллоуз – жазушы, ағасы Лоренс Эдвард Фоллоуз – актер, тағы бір әпкесі Саманта Марджори Фоллоуз – актриса. 1988 жылы әкесі Фоллоуз қайтадан Сюзан Треуфимен отбасы құрды.
Мансабы Меган Фоллоуздың дебюты 1985 жылы «Жасыл шатырдан келген Энн» телефильмінде түсіп щықты. Бұл жоба оған ең бірінші «Джемини» сыйын әкелді. Екі жылдан кейін ол бұл фильмінде түсуді жалғастырды.
Үлкен экранда Меган Фолоуз басты әйел рөлін Стивен Кингтың «Күміс оқ» атты кітабы бойынша түсірілген фильмде ойнады. Жалпы алғанда Меган жиырма фильмде және телефизияда жетпіс рөлдерді ойнады. 2013 жылы Екатерина Медичидың рөлін ойнауға шақырды.
Жеке өмірі 1991-1994 жылдар аралығында Меган фотограф Кристофер Портермен неке құрды. Алайда олар 1994 жылы ара жасып кетті. Олардың екі баласы бар – қыз Лайла Портер (1991 жылы туылды) және ұл Расселл Портер (1994 жылы туылды).
Фильмография Джейннің орны - 1982 Қыздар мен ұлдар - 1983 Жасыл шатырдан келген Энн - 1985 Күміс оқ - 1985 Жасыл шатырдан келген Энн: жалғасы - 1987 Тағдыр уақыты - 1988 Термини теміржол вокзалы - 1989 Щелкунчик ханзадасы - 1990 Шошқалар ұшқанда - 1993 Амалсыз періште - 1998 Жасыл шатырдан келге Энн 3 бөлім - 2000 Шетелдік роман - 2003 Жаңа жылдық бала - 2004 Қолайсыз бала - 2007 Мен төртіншімін - 2011 Жесткий диск - 2014
Дереккөздер Орысша уикипедиясынан аударылған
Сыртқы сілтемелер