Буффалодағы L-188 ұшағымен болған апат — Braniff Airways әуе компаниясының Lockheed L-188A Electra ұшағымен 1959 жылы 29 қыркүйегінде болған апатНазвание дано согласно итоговому отчёту.. Жаңа авиалайнер қолайлы ауа райында Хьюстоннан Далласқа (екеуі де Техас штатында) кәдуілгі жолаушы тасымалы рейсін жасап жатқан болатын, сол кезде кенет оның қанаты бөлініп қалды. Басқаруын жоғалтып, машина Буффало қаласының жанындағы Леон аумағында жерге құлады, бортта отырған барлық 34 адам қаза тапты.

Жарты жыл өткеннен кейін, 17 наурызда 1960 жылы Каннелтонға (Индиана штаты) жақын жерде Northwest Airlines компаниясының Lockheed L-188A Electra ұшағымен осыған ұқсас тағы бір ұшақ апаты орын алды. Екі ұқсас апаттар ұшақты қарастыру керек деген ұйғарымға алып келді, сондықтан НАСА ғылыми-зерттеу орталығында ауқымды модельді сынақтан өткізді.  Нәтижесінде апат салдары авиацияның ескі дұшпаны - әуе винтінің флаттері деп анықталды,  яғни жаңа турбиналы-винтті ұшақтардың жылдамдығын арттырған кезде пайда болатын әуе винті айналымының артуымен түсіндіріледі. Нәтижесінде қозғалтқыштың тербелуі орын алған және қанаттары соның салдарынан сынған. 

Ұшақ Lockheed L-188A Electra  ұшағы тіркеу нөмірі N9705C (зауыттық — 1090) апат орын алған сәтте жаңа болатын. Оның соңғы құрастырылуы Бербанктегі (Калифорния) зауытта 1959 жылы 4 қыркүйекте болған, яғни апат апат болғанға дейін 25 күн бұрын өзінің бірінші сынағынан өткен. Ұшақ бар-жоғы үш сынақтан өтті және бір рет қабылдау алдындағы ұшудан өткізілген, содан кейін 18 қыркүйек күні тапсырыс беруші америкалық әуе компаниясы Braniff Airways (Braniff International Airways немесе қысқаша Braniff) қабылдап алды. Төрт турбиналы-винтті қозғалтқыш Allison фирмасының 501-D13 моделі болатын және Aero Products (Allison және Aero Products - General Motors-тың бөлімшелері) фирмасының A6441FN-606 моделді әуе винтімен жабдықталған . Қозғалтқыштың ұшаққа орнатылғанға дейінгі атқарған жұмыс көлемі - 26 сағат 25 минут, яғни қалған үш қозғалтқыш та, төрт әуе винті де мүлде жаңа болатын, атқарған жұмыс көлемі 0-ді құраған.

Қабылданғаннан кейін  N9705C борты Даллас әуежайына - Braniff компаниясының торапты әуежайына бағытталған болатын, осыдан кейін қажетті қабылдау тексеруінен өтті. Осыдан соң Хьюстоннан ұшып шыққан ұшақ эксплуатация барысында 122 сағат ұшып үлгерді, ал оның жалпы ұшу көлемі (сынақ уақытын қосқанда) 132 сағат 33 минутты құрады. Осылай ұшақ бір рет те ағымдық бақылаудан өтпеді, себебі техникалық тексеру уақыты 205 ұшу сағатын құрайтын еді. Ұшақтың барлық қажетті тексерулері мен рұқсаты туралы сертификаттары болатын. Сонымен қатар әуе компаниясының L-188 барлық бортына қатысты ескертпелерді тіркеп жүретін әрі эксплуатациялық паркті мониторингтен өткізетін арнайы тобы болды. N9705C бортына қатысты бірде-бір маңызды жазба болмаған болатын. Ұшақтың эксплуатация процесіндегі барлық олқылықтар жөнделген және ұшу барысындағы қатерлі сәтте ұшақ техникалық тұрғыдан түзелген еді.

Апат орын алғанға дейінгі бір аптада, 22 қыркүйек күні, N9705C борты жаттығу мақсатындағы ұшу сапары ретінде қолданылған болатын, ұшу барысында ұшақ бір жағына жантайып, эксплуатация барысында жол берілмейтін бафтинг (ағылшын тілінде buffeting, от buffet — ұру, соғу, автотербелістің бір түрі) орын алған болатын. Алайда борт командирі конструкцияның тұтастығы және беріктігі зақымданған жоқтығын әрі жоспардан тыс бақылау жасаудың қажеті жоқтығын айтып, пікір білдірген болатын.

Экипаж Ұшу экипажында (кабинаның ішінде) үш адам болған еді: Әуе кемесінің командирі — 47 жасар Уилсон Эльза Стоун (ағылшын тілінде Wilson Elza Stone). Braniff әуе компаниясында 22 сәуір 1939 жылдан бері жұмыс істеген, бір және көп моторлы ұшақтардың әрі Douglas DC-3,-4, -6, -7C, Convair-340, -440 Lockheed L-188 Electra типіндегі ұшақтардың ұшқышы біліктілігі болатын. Оның жалпы ұшу өтілі 20 726 сағатты құрады, оның ішінде 68 сағат 39 минутын Electra-да өткізген болатын; Екінші ұшқыш — 39 жасар Дэн Холлауэлл (ағылшын тілінде Dan Hollowell). Braniff әуе компаниясында 29 қараша 1948 жылдан бері жұмыс істейді, жалпы ұшқыш біліктілігі, оның ішінде Douglas DC-3, Convair-340, -440 типіндегі ұшақтардың ұшқышы біліктілігі бар. Оның жалпы ұшу өтілі 11 316 сағатты құрады, оның ішінде 95 сағат 30 минутын Electra-да өткізген; Бортинженері — 29 жасар Роланд Лонгилл (ағылшын тілінде Roland Longhill). Braniff әуе компаниясында 16 шілде 1956 жылдан бері жұмыс істейді. Оның жалпы ұшу өтілі 3191 сағат 35 минутты құрады, оның ішінде 83 сағат 3 минуты Electra-да өтті. Салонда үш жолсерік қызмет еткен: 25 жасар Альвилин Харрисон (ағылшын тілінде Avilyn Harrison). Braniff әуе компаниясында 29 желтоқсан 1953 жылдан бері жұмыс істейді, Electra-да қызмет етуді 4 маусым 1959 жылы үйреніп бітті; 24 жасар Бетти Руш ( ағылшын тілінде Betty Rusch). Braniff әуе компаниясында 18 сәуір1956 жылдан бері жұмыс істеді, Electra-да қызмет етуді 2 маусым 1959 жылы үйреніп бітті; 25 жасар Леона Винклер (ағылшын тілінде Leona Winkler). Braniff әуе компаниясында 21 наурыз 1958 жылдан бері жұмыс істейді, Electra-да жұмыс істеуді 4маусым 1959 жылы үйреніп біткен. Сонымен қатар бортта  35 жасар қызметтік жүргінші, авиятехник Уэнделл Джон Ид (ағылшын тілінде Wendell John Ide) болды, ол Braniff әуе компаниясында 9 шілде 1951 жылдан бері жұмыс жасайтын еді.

Апат Сол күні ұшақ Хьюстон - Даллас - Вашингтон - Нью-Йорк бағыты бойынша өзінің күнделікті BN-542 жолаушы тасымалы  рейсін орындап жатқан болатын. Хьюстоннан Далласқа дейінгі жол 41 минутты алуы керек еді, ал бортта барлығы 28 жолаушы (бір қызметкерді қосқанда) және 6 экипаж мүшесі (ұшу экипажының үш мүшесі және үш борт серігі) болған; бактағы жанар-жағармай қоры 17 000 фунт (7700кг) еді. Авиалайнердің жалпы салмағы - 83 252 фунт (37762кг), ал ұшақ 99 800 фунт (45 300 кг) салмақты көтере алады. Өткен рейсте №3 генератор істен шыққан болатын, сондықтан Хьюстоннан шығар алдында  №3 және №4 кернеулерінің регуляторы алмастырылған болатын.

Электроқұрылғыны жөндеу жұмыстарына байланысты 542 рейске 22 минутқа кешігуге тура келді және 22:37-де перронның (аэродромдағы ұшу алаңының бөлігі) шетіне шықтыЗдесь и далее указано Центральноамериканское время (CST). Бұл кезде ауа райы қолайлы еді: 20 000 фут (6100м) биіктіктегі бұлттар шашыраңқы болды әрі көру мүмкіндігі 15 миляны (16-24км) құрады. Диспетчер экипажға "Леон" барлық бағыттағы радиомаягы (орыс тілінде Всенаправленный радиомаяк) арқылы құрал бойынша "Виктор 13" әуе дәлізі арқылы ұшуға, алайда "Шығанақ жағалауына" (ағылшын тілінде Gulf Coast) дейін  2300 фут (700м) жылдамдықты сақтай отырып,  одан кейін 9000 фут (2700м) биіктікке көтеріліп, Леон бойынша тіке ұшуға рұқсат берді   22:40-та диспетчер ұшуға рұқсат берді, ал 22:42-де экипаж ұшуға дайын екендігі туралы хабарлады, содан кейін N9705C борты әуеге көтерілді, бұл туралы 22:44-те баяндады.

Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін, Хьюстон әуежайының ұшуды басқару диспетчері 542 рейске оларды радиолокатор арқылы бақылап отырғанын айтты, "Хьюстон" радиомаягының азимуты 345° құрағанда хабарлауын сұрады. "Шығанақ жағалауымен" қиылысқанда экипаж 9000 фут (2700м) биіктікке көтерілуге және  Сан-Антонио орталығымен 121,1МГц. жиілігінде байланысқа түсуге рұқсат алды. 22:51-де экипаж радиобайланыс арқылы өз әуе компаниясының кеңсесімен байланысып, Хьюстоннан 22:37-де ұшқалы тұрғанын, 22:42-де ұшатынын, эшелонға белгіленген 15 000 фут (4600м) биіктікте ұшуға рұқсат алғанын және Далласта шамамен 23:25-те болатынын хабарлады, бұл жөнінде орталық кеңсеге ақпарат беруді өтінді. Шамамен бір минут өткеннен кейін (22:52), 542 рейс Сан-Антониодағы диспетчер орталығына 9000фут биіктікте "Шығанақ жағалауымен" қиылысқанын, енді 15 000 фут (4600м) биіктікке көтерілуге рұқсат берілгенін және Далласқа Леон —Тринидадruen — Форниruen — Даллас бағыты бойынша жететінін хабарлады.

23:05-те ұшақ Сан-Антониоға Леоннан 23:05-те 15 000 фут биіктікте ұшып өткенін хабарлады және  экипажға 120,8МГц жиілігінде Форт-Уэртпен байланысқа түсуге нұсқау алды. Экипаж аұқпаратты алғанын растады, осыдан кейін әуе компаниясы кеңсесімен байланысқа түсіп, Далластағы қызмет көрсету орталығына генератормен болған мәселе шешілгенін, алайда әуе винтінің үшінші клемма қалыбын (орыс тілінде клеммная колодка) жекелеу керектігін, себебі Хьюстонда уақыт тапшылығынан мұны жасап үлгермегенін хабарлайды. Сонымен қатар қызмет көрсетуші персоналға №3 жел үрлегіш сорғысының (орыс тілінде помповый насос) жұмыс істемейтінін де хабарлады. Хабарлама алмасу 23:07-де тоқтады және бұл N9705C бортымен болған соңғы радио алмасу болды. Осыдан кейін экипаж байланысқа шықпады және ешқандай хабарлама жібермеді.

23:09-те жердегі адамдар  кенеттен күннің күркіреуіне немесе қатты тарсылға ұқсас дыбыс естіді, ал түнгі аспанда отты шар пайда болды. Содан кейін N9705C борты Леонның солтүстігіндегі 19,7 теңіз милясындай жерге және  Буффалоның шығыс-оңтүстік-шығысына қарай 3,19 миля (5,9км) жерге құлады. Жерге құлағаннан кейін, авиалайнер толығымен талқандалды, ал ішіндегі барлық 34 адам қаза тапты.

Алдын-ала тексеру

Ауа райы жағдайы Метеорологиялық бақылау мәліметтеріне сүйенсек,  оқиға орын алған түні Техастың оңтүстік-батыс бөлігінен Алабаманың шығыс-солтүстік-шығыс бөлігінде қысым өте баяу өзгеріске түсті. Аппалач пен Миссисипидің орталығымен қиылысқан бөлігі аспанының әр жерінде бұлтты аумақтар болды. Одан кейін бұлттар Шривпорт (Лиузиана) және Форт-Уэрт (Техас) арқылы сызықты жағалай созылып жатты, кейін Джанкшеннің оңтүстік-батысына бұрылып, батыс-оңтүстік-батысқа дейін, яғни Мексиканың шекарасына дейін созылып жатты. Оқиға орын алғанда, бұл бұлтты аймақтың алдыңғы шегі  апат орнының солтүстігінде 125 милядай (230км) жерде болды. Аймақта сонымен қатар қатты найзағай орын алды, алайда 542 рейсінің ұшу бағыты бұл найзағайға 60 милядей жақындаған жоқ. Сан-Антониодағы ауа райы бюросы бөліміне 18:52-де берілген мәлімет бойынша, ұшу бағытының төменгі шегінен 4000футтан (1200м) 5000 фут (1500м) биіктікке дейін жекелеген бұлттар болды және 10 000 фут (3000м) биіктікте бұлт арасынан ағараңдаған сәулелер байқалды. Сонымен қатар Техастың оңтүстігіне жақын маңдағы бағытта жекелеген түйдекті-жаңбырлы бұлттар күтілді. 21:00-де бұл бағыттың басқа бөлігінің 10 000 фут (3000м) биіктігінде бұлттар шашыраңқы болды. Бұдан бөлек, төменгісі 1500фут (460м), биіктігі 5000 фут (1500м) биіктікте аз ғана қатпарлы бұлттар болжанды, ал мұның артынан 22:00-де  1000 футтан (300м) 2000 футқа (610м) дейінгі биіктікте аспанды тұтас бұлт жабылады деп күтілді, одан кейін 30 қыркүйек күні 02:00-де  800 футтан (240м) 1000 футқа (300м) дейін төмендеуі керек еді, бұлт үстіндегі көру мүмкіншілігі 5 милядан аспайтын еді.

Тұтас алғанда, ауа райы туралы есепке сүйенетін болсақ, оқиға орын алған кеште Техастың оңтүстігінің 12 000 фут (3700м) биіктігінде көшпелі ұшпа бұлттар және 20 000 фут (6100м) биіктікте қаз бауыр бұлттар болды, сонымен қатар 4000 фут (1200м) биіктікте ұшпа-жаңбырлы бұлттар да болды. 15:00-де Сан-Антониоға жақын жерде қатты найзағай күркірегенімен, ол бұлттар Керцвиллдің және Фредериксбергтің шығыс-оңтүстік-шығыс бөлігіне ауды, ал 22:00-де бұлт 10-нан 15 миляға дейінгі диаметр көлемінде Бланкоға ruen  жақын жерде болды, алайда ол жердің найзағайы Уэйко мен Остиннен анық бақыланып отырды. Шривпорттың оңтүстік-шығысына қарай жеке найзағай ошақтары орын алды; найзағай Лакиндеruen де бақыланып отырды. Колледж-Стейшен, Тайлер және Грегг аспаны ашық болды. Тура Хьюстонның үстінде, ұшақ ұшып өткен жерде, 20 000 фут (6100м) биіктікте жұқа ғана қаз бауыр бұлттар болды, ал Далластың үстінде, яғни ұшақ бағытталып бара жатқан қаланың  12 000 фут (3700м) биіктігінде жекелеген бұлттар орын алды.